Page 46 -
P. 46
5.1. Инерция
Неліктен біз Масса және инерция
автокөлікпен жүру Жерде жатқан доп, басқа денелермен өзара әрекеттеспегенше
кезінде қауіпсіздік тыныштық күйінде жататынын білесіңдер. Доп қозғалуы үшін, оны
белдігін тағамыз лақтыру немесе тебу керек. Доп жылдамдығы біртіндеп баяулап,
textbooks nis edu kz
және балалар біраздан соң тоқтап қалады. Неліктен? Допты жермен үйкелісі тоқта-
орындығын тады. Үйкеліс болмаған жағдайда доп тоқтамаушы еді.
пайдаланамыз? Қорытынды: Кез келген дене басқа денемен әрекеттеспегенше ты-
ныштық күйінде қалады. Немесе сыртқы күштер әсер етпегенше ол
қалыпты өзгертпегенше түзу сызықтың бойымен және бірқалыпты
қозғала береді.
СЕН БІЛЕСІҢ БЕ?
Денелердің бірқалыпты қозғалу заңын алғаш рет Аристотель тұжы-
рымдады. Ол былай айтқан: «Дене бірқалыпты қозғалуы үшін, оған
басқа дене әсер етуі тиіс». Бұл заң 2000 мың жыл бойы дұрыс
деп саналатын. Бірақ XVII ғасырда ұлы итальяндық ғалым Галилео
Галилей көлбеу жазықтықтағы шарлардың қозғалысын зерттеген
кезде басқа қорытындығы келді: «Денеге басқа денелер әсерін
тигізбеген жағдайда ғана ол түзу сызықтың бойымен және бірқа-
лыпты қозғалады немесе тыныштық күйінде болады». Қозғалысқа
неғұрлым аз кедергі жасалса, дене соғұрлым көп қозғалады, ал
оның жылдамдығы өзгермейді — бұл Галилей ашқан инерция заңы.
ЕСТЕ САҚТА! Басқа денелердің сыртқы әсерінсіз дене жылдам-
Балаларды қауіпсіз тасымалдауға
арналған орындық дығының сақталу құбылысын инерция деп атайды. Инерция
(лат.) — әрекетсіздік, қимылсыздық.
ЗЕРТТЕУ Кішкене арбаға зат салып алдында кедергісі бар көлденең
үстел үстімен жібере сал. Егер арбаға салынған зат байланбаса,
бірден тежелгенде затқа не болады?
Күнделікті өмірдегі инерция
ЗЕРТТЕУ Көлбеу жазықтықтың
бойымен қозғалатын арбамен Біз өмірімізде инерция құбылысымен өте жиі кездесеміз, оған кей-
тәжірибе жүргіз. Қай жағдай- де мән де бермейміз.
да арба қозғалу жылдамдығын ● Адам жүгіріп келе жатып, тасқа сүрінсе, онда ол құлайды. Адам-
сақтайды? ның аяғы тез тоқтайды, ал денесі алға қарай инерциямен қозғала
береді.
● Автобус тез тоқтап қалған кезде біз инерциямен алға қарай қозға-
ламыз. Автобус қозғалып, оңға қарай бұрса, жолаушы инерция-
мен автобустың сол жақ қабырғасына қарай бірқалыпты қозға-
лады.
● Бадминтон ойыны кезіндегі воланның қозғалысы, волейбол ойыны
кезіндегі доптың қозғалысы немесе футболдағы доптан соққылау-
дан кейінгі қозғалыстың барлығы — инерция бойынша қозғалыс.
46

