Page 49 -
P. 49
Физика
= 15 Н
textbooks nis edu kz
a) 1-ағаш білеушеге 30 Н күш төменге қарай бағыттала әсер етеді;
ә) 2-ағаш білеушеге екі күш әсер етеді: солға бағытталған 27 Н, және оңға бағытталған
45 Н;
б) 3-ағаш білеушеге 3 күш әсер етеді: 300 Н батысқа қарай, 400 Н шығысқа қарай,
500 Н солтүстікке әсер етеді.
Күш қалай өлшенеді?
Күш арнайы физикалық құрал динамометрдің көмегімен өлшенеді (грек тілінен
«dynamis» — «күш», «metrio» — «өлшеу»). Динамометр көрсеткіш-бағдаршасы бар
серіппе мен шкаладан тұрады.
а) зертханалық динамометр ә) қолдардың бұлшық ет күшін б) демонстрациялық динамометр
өлшеуге арнаған динамометр.
ЗЕРТТЕУ 1. Жіңішке ағаш таяқшасын екі жақтан бекітіп қой. Осы таяқша қандай массалы жүкті көтере
алады? Таяқшаға әсер ететін күшті анықта.
2. Үстелдің үстіне кесек ағашты қойып, оны динамометрдің көмегімен бірқалыпты тарт. Тарту күшінің
бағыты мен шамасын сызба түрінде бейнеле.
3. Үстелдің үстіне кіші арбаны қойып, оны динамометрдің көмегімен тарт. Тарту күшінің бағыты мен
шамасын сызба түрінде бейнеле.
4. Кіші арбаға кесек ағашты салып, динамометрдің көмегімен тарт. Динамометр көрсеткіштері өзгерді
ме? 2, 3, 4-тапсырмалардағы динамометр көрсеткіштерін салыстыр. Тәжірибе нәтижелерін түсіндір.
5. Динамометрге кесек ағашты іліп қойып, ағаштың кесекке әсер ететін күштің бағыты мен шамасын
сызба түрінде бейнеле. Қалай ойлайсың, сен динамометрдің көмегімен қандай күшті өлшедің?
СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР
1. Келесі күш мәндерін Ньютонмен өрнектеп, стандартты түрде жазыңыз: 0,3 кН; 2 МН, 25 мН; 45 кН; 14,8 МН;
1000 мН. Ыңғайлы масштабты таңдап, осы күштерді сызба түрінде бейнеле.
2. Екі бала сәйкесінше 10 Н және 20 Н күшпен шана тартып келеді. Сызбада осы күштерді бейнеле, егер:
а) күштер бір бағытта әсер етсе; ә) күштер қарама-қарсы бағытта әсер етсе.
Осы күштердің әсер ету салдары қандай болады? а) және ә) жағдайлары арасында қандай айырмашылық
бар?
49

