Page 51 -
P. 51

Физика
            немесе аспаны созады. Дене салмағы Р әрпімен белгіленеді және P = mg формуласы
            бойынша есептеледі

            Күн жүйесінің тартылысы және Ғалам

            Тартылыс күші тек Жерде ғана емес. Шынында, ол барлық Ғаламда бар және сондағы
            барлық физикалық денелерге әсер етеді. Ғаламның барлық нысандары — галактика-
            лар, жұлдыздар, Күн және ғаламшарлар, Жер және Ай, теңіздегі кемелер, тіпті құмдар
            бір-біріне тартылады. Жер өзіне Айды, Ай өзіне Жерді тартады. Сол себепті мұхиттар
                   textbooks nis edu kz
            мен теңіздердің суларының деңгейі тәулікке екі рет бірнеше метрге көтеріледі де,
            қайтады. Ғаламдағы барлық денелердің тартылысы бүкіләлемдік тартылыс күші деп
            аталады. Бұл күш денелердің массаларына тәуелді. Массасы неғұрлым үлкен болса,
            физикалық денелерге соғұрлым үлкен күш әсер етеді. Бірақ, денелердің арақашықтары
            қаншалықты үлкен болса, гравитациялық күш соншалықты аз болады.

             ЕСТЕ САҚТА!   Бүкіл  Ғаламдағы  денелердің  бір  біріне  тартылу  күші  бүкіләлемдік  тартылыс
            күші деп аталады (немесе гравитациялық күш).








                       Тартылыс күштің барлық нысандар арасында әсері бар.









                         Егер масса артса, онда тартылыс күші де артады.



                              Егер арақашықтық артса, тартылыс күші кемиді.





             ЗЕРТТЕУ   Сен өзіңді Күн жүйесінің ғаламшарында саяхаттап жүрген ғарышкер деп
            елестет. Еркін түсу үдеуінің кестесін пайдаланып, сол ғаламшарға қандай күшпен
            тартылатыныңды анықтап көр.  Массасы 1 кг дененің түрлі ғаламшардағы салмағы
            қандай?



                 СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР

              1.  Сен Айға түстің, еркін түсу үдеуі Жерге қарағанда 6 есе кем. Өзіңнің Айға сапарың
                 бойынша бақылауларың мен сезімдерің туралы қысқа әңгіме жаз.
              2.  Халықаралық Ғарыш стансысы орбита бойымен 400 км биіктікте қозғалады. Ғарыш-
                 керге тартылыс күшін әсер ете ме? Ғарышкер салмағы қандай? Неліктен?
              3.  Неліктен «Opportunity»-ге Марстағы тасты Жердегі тасқа қарағанда жылжыту оңай?
              4.  Егер тастардың біреуі Қапшағай су қоймасының жағасында болса, ал екіншісі — Хан-
                 Тәңірі тауының шыңында болса (шыңның мұздығын қосқандағы биіктігі 7010 м), бірдей
                 екі тасқа әсер ететін тартылыс күштерін  салыстырып көр.









                                                                                                                 51
   46   47   48   49   50   51   52   53   54   55   56