Page 48 -
P. 48

5.2.   Күш







                 «Күш» сөзін                    Күнделікті өмірде біз келесі сөздерді жиі қолданамыз: «күш», «күшті»,
                 айтқанда                       «күш салу» және бір бірімізді түсінеміз. Біз бір адамның екінші адам-
                 ойыңызға не                    нан күші көп деген кезде, біз ол адам, мысалы, балшықтан көлікті
                 келеді?                        итеріп шыға алады немесе ауыр шабаданды көтере алады деген
                                                1 МН (меганьютон) = 1 000 000 Н;edu kz
                                                ойда тұрамыз. Осыны орындау үшін адамға өзінің бұлшық етін
                                                ширатып, күшін қолдану керек. Күш дегеніміз не? Күш әрекеті неге
                                                апарып соғады?

                                                Күш әсерінен дене:

                                                ● қозғала бастайды;             ● қозғалыс бағытын өзгертеді;
                                                ● тоқтайды;                     ● деформацияланады.

                                                 ЕСТЕ САҚТА!   Бір дененің екіншіге денеге әсерін сипаттайтын физи-
                                                калық шама күш деп аталады. Күш F әрпімен белгіленеді және Нью-
                   textbooks nis
                                                тонмен өлшенеді (Н). Ньютоннан басқа өлшем бірліктері де  бар:
                                                1 кН (килоньютон) = 1000 Н;


                                                1 мН (миллиньютон) = 0,001 Н.
                                                Табиғатта денеге әртүрлі күштер әсер ете алады. Олардың ішінде:
                                                ауырлық күш, серпімділік күші, үйкеліс күші, электрлік күш, магниттік
                                                күш, бүкіләлемдік тартылыс күші және т.б. Ауырлық күшінің салда-
                                                рынан бүкіл денелер жерге құлайды. Дененің деформациясы кезінде
                                                серпімділік күші пайда болады. Бір дененің басқа дененің бетімен
                                                қозғалған кезінде үйкеліс күші пайда болады.

                                                 ТАПСЫРМА   Суреттерде көрсетілген денелерге қандай күштер әсер
                                                ететіндігін анықтап көр.
                                                Күш қалай бейнеленеді?

                                                Күш — сандық мәні және бағыты бар векторлық шама болып
                                                табылады. Сызбада күш түзу бағдаршамен бейнеленеді. Бағдарша-
                                                ның үлкендігі әрекеттеуші күштің сандық мәнін көрсетеді.  Бағдар-
                                                шаның бағыты күш әрекетінің бағытын көрсетеді.

                                                Берілген масштабта ағаш білеушеге әсер ететін күшті бейнелеу
                                                үшін біз:

                                                1. Дененің ортасында (массалар центрі) санақ нүктесін белгілейміз;
                                                2. Белгілі бір ыңғайлы болатын күш масштабын таңдаймыз. Мысалы:
                                                1 тор — 3 Н.
                                                3. Санақ нүктесінен таңдалған масштабқа сәйкес күшке тең болатын
                                                кесіндіні бөліп шығарамыз.
                                                4. Күштің әсер ету бағытын көрсетеміз де, кесіндінің соңына бағдар-
                                                ша саламыз.

                                                 ТАПСЫРМА   Масштабты таңда, үш кесек ағашқа әсер ететін күштерді
                                                сызба түрінде көрсетіңіз. Сәйкесінше, 3 сызба дайындап көр.



         48
   43   44   45   46   47   48   49   50   51   52   53