Page 50 -
P. 50

5.3.   Тартылыс құбылысы, ауырлық


                           күші және дене салмағы





                 Марстың ғажайып                Ауырлық күші
                 суретін жіберетін              Сен балалық шағыңнан тартылыс күшімен таныссың. Жемістер
                 марсоходтардың                 ағаштан жерге түседі, көлденеңінен лақтырылған денелер төмен
                   textbooks nis edu kz
                 біреуінің атауы                құлайды, біз жоғары қарай секірсек, жерге қонамыз. Жер өзінің

                 «Opportunity».                 жанындағы барлық нысандарды: үйлерді, адамдарды, жануарларды,
                 Марстағы тас                   құстарды, мұхиттағы суды, көлдер мен өзендерді, Айды және тіпті
                 үйіндісін зерттеу              жасанды спутниктерді тартады.

                 үшін «Opportunity»-             ЕСТЕ САҚТА!   Барлық денелерді Жерге тартатын күш ауырлық күші
                 ді қозғалту керек,             деп аталады. Ауырлық күші келесі формула бойынша есептеледі:
                 ол үшін Марста                 ауырлық күші = дене массасы • Жерге еркін түсу үдеуі
                 Жерге қарағанда
                 әлдеқайда аз                    F гравитациялық  = m · g

                 күш жұмсалады.                 Ауырлық күші F  Ньютонмен (Н) өлшенеді. Кез келген массасы бар
                                                               а
                 Неліктен, қалай                денеге әсер ететін ауырлық күшін есептеу үшін массаны m (кг) ауыр-
                 ойлайсың?                      лық күшінің коэффициентіне g (еркін түсу үдеуіне) көбейту керек.
                                                Жердегі еркін түсу үдеуінің мәні g = 9,81 Н/кг. Ол ғаламшар масса-
                                                сы, аймақтың ендігіне, дененің жерден биіктігіне тәуелді. Планета
                                                массасы неғұрлым аз болса, сол ғаламшардағы еркін түсу үдеуі
                                                соғұрлым аз болады.
                                                 ЗЕРТТЕУ   «Еркін түсу үдеуі» кестесін талда да, түсіндір: неліктен
                                                еркін түсу үдеуі әр ғаламшарда әртүрлі? Ойланып көр, ол біздің
                                                Жерімізде неліктен әртүрлі?







                Марсқа қонған кездегі «Opportunity»
                марсоходының компьютерлік моделі.


                Түрлі ғаламшарлардағы ауырлық күші коэффицентінің g (еркін түсу үдеуінің) шамалары
                Ғаламшарлар     g ( Н/кг),    Ғаламшарлар    g ( Н/кг),                                             g ( Н/кг),
                                (м/с )                       (м/с )                                   (м/с )
                                    2
                                                                 2
                                                                                                         2
                Жер             9,81        Юпитер           24              Жер полюсында            9,83
                Ай              1,62        Сатурн           9,1             Экваторда                9,78
                Меркурий        3,7         Уран             9,8             Орта ендікте             9,81
                Шолпан          8,8         Нептун           13,5            Жер бетінен 300 км       9,0
                Марс            3,73        Плутон           0,6             биіктікте

               Дене салмағы

               Күнделікті өмірде біз «салмақ» деп дене массасын түсінеміз. Осы екі терминді біз бөлмейміз, мысалы,
               «2 кг салмағы бар алмалар». Бірақ, бұл дұрыс емес. Біз өз салмағымызды таразыда өлшеген кезде,
               таразы біздің оған қандай күшпен әсер ететінімізді көрсетеді. Егер дене тіреуде тұрса немесе аспаға
               ілінген болса, Жердің тартылыс күші салдарынан дене салмақ деп аталатын күшпен осы тіреуді басады,
         50
   45   46   47   48   49   50   51   52   53   54   55