Page 47 -
P. 47
Физика
● Тапаншадан ұшып шыққан оқ та инерциямен қозғалады.
● Дене тәрбиесі сабағында 100 метрлік дистанцияны жүгіріп өткен оқушы бірден тоқтай алмай, біразға
дейін өз жылдамдығын сақтайды.
● Өшірілген желдеткіш немесе ойыншық зырылдауық біраз өз қозғалысын уақытқа дейін сақтайды.
● Кеседегі шайды қасықпен араластырып, тоқтағаннан кейін шай түйіршіктері инерциясымен біраз
уақыт айналып жүреді.
textbooks nis edu kz
Инерцияның зиянды және пайдалы жақтары
Инерция құбылысын ескермесе ол қауіпті болуы мүмкін. Жүргізуші тежегішті басқанымен көлік бірден
тоқтай қалмайды. Көлік біраз уақыт екпінімен инерция әсерінен қозғалады. Сондықтан алдыңғы келе
жатқан көлік пен екі ортадағы жолды ескермеуге болмайды. Пойыздың тежелу уақыты 1—2 минуттай,
осы уақытта ол 1—2 км жол жүріп өтеді. Велосипед теуіп жүргенде де бірден тежелуге болмайды.
Бұл кезде ершіктен ұшып кетіп, жарақат алып қалуға болады. Өйткені, күрт тежелгенде адам денесі
инерциясымен өз жылдамдығын сақтайды. Жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бағдаршамда
сары түсті шам қойылған, бұрылыстардың алдында ескерту мақсатында белгілер қойылады.
Алайда, инерцияның тек зиянды емес, жағымды жақтары да бар. Термометрді сілкігенде оның ішін-
дегі сынап инерция бойынша төменге түседі. Қозғалтқышты өшіргеннен кейін көлік, ғарыш кемелері
инерция әсерінен біраз жол жүреді, бұл жанармайға үнем. Сен циркте болдың ба? Мотоцикл жүр-
гізуші үзіліп қалған көпірдің үстінен секіріп өткенде таңғаласың. Көрермендердің көпшілігі бұған қарап
қайран қалып, аман секіріп өткенін көргенде қуанады. Тек кейбірі ғана бұған инерция арқасында қол
жеткізуге болатындығын түсінеді.
Инерция құбылысының арқасында әлемдік рекордтар жаңартылады. Ойланып көр, ол қандай ре-
кордтар?
ТАПСЫРМА Егер банкаға су құйып оны төңкерсе не болады? Бұл жерде ешқандай тәжірибенің керегі жоқ,
түсінікті — су тез төгіліп қалады. Ал осы беті ашық банкадан бір тамшы да су төгілмейтіндей қандай қимыл
жасауға болады?
ТАПСЫРМА Біз күнде мектепке, дүкенге барамыз, көбінесе бірдей заттарды сатып аламыз, үйреншікті өмір
сүреміз. Адамның мінез-құлқынан инерцияны байқауға бола ма? Ойлаудағы инерцияны қалай жеңуге болады?
СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР
1. Бағдаршамның сары шамының қандай маңызы
бар?
2. Табақшаны стол бетіне жылдам қоя қойса, сап-
тыаяқтағы шай неліктен төгіледі?
3. Шикі және піскен жұмыртқаларды бір бірінен
қалай айыруға болады?
4. Байдаркашы-спортсмендер финиш сызығынан
өткен соң ескекті есуді қояды. Бірақ қайық біраз
уақыт өздігінен қозғалады. Неліктен? Қайық то-
лық тоқтағанша қанша уақыт қозғалады, ойланып
көрші?
5. Ит судан шыққан соң сілкінеді. Неге иттен су
тамшылары шашырайды?
Алматыдағы жарыс. 2015 жыл, қазан айы
47

