Page 16 -
P. 16

2.1.   Заттардың агрегаттық күйлері


                          және құрылымдары

        textbooks nis edu kz

                 Асүйде қандай та-                 Зат  құрылысы  туралы  заманауи  түсінік  табиғатта  барлық
                 мақ пісіп жатқанын             денелердің  үнемі  қозғалыста  болатын  атомдардан  түзілетініне
                 қалай білеміз?                 негізделген.


                                                   Белгілі  бір  жағдайдағы  заттардың  негізгі  түрлері  (формалары)
                                                агрегаттық күй деп аталады. Мысалы, су қатты мұз, сұйық су және су
                                                буы күйінде бола алады.
                                                   Қатты  заттардың  бөлшектері  стади-                Қатты зат
                                                онда  отырған  футбол  жанкүйерлеріне
                                                ұқсайды. Әрбір жанкүйер өзінің орнын-
                                                да  отыруы  қажет.  Қатарлар  бойымен
                                                немесе  қатарлар  арасында  қозғалуға
                                                болмайды.
                                                   Қатты  заттардағы  бөлшектер  бел-
                                                гілі  бір  ретпен  және  жүйемен  орна-
                                                ласқан.  Бөлшектер  берік  орналасады,
                                                сондықтан  заттар  пішіні  мен  көлемін
                                                сақтайды.


                                                   Жанкүйерлер    бір-біріне   жақын                  Сұйықтық
                                                отырғанымен  әлде  де  қимылдай  ала-
                                                ды.  Олар  орын  ауыстыра  алады  неме-
                                                се  қиылдайды,  бірақ  қимылдары  еркін
                                                емес.
                                                   Сұйықтықтарда  молекулалар  бір-
                                                біріне  жақын  орналасады.  Бұл  күштер
                                                бөлшектерді  бір  жерде  ұстап  тұратын-
                                                дай  мықты  емес.  Олар  қозғала  ала-
                                                ды,  сондықтан  сұйықтықтар  көлемін
                                                сақтайды, бірақ пішінін сақтамайды.



                                                   Футбол  алаңында  қозғалу  үшін  бос               Газ
                                                кеңістік көп және футболшылар допты
                                                беру  кезінде  еркін  қозғала  алады.  Газ-
                                                дарда бөлшектер тез қозғалады әрі бөл-
                                                шектер  арасындағы  тартылыс  күші  өте
                                                әлсіз.  Сондықтан  бөлшектер  арасын-
                                                дағы қашықтық үлкен. Газдар пішінін де,

                                                көлемін де сақтамайды.










                  Тапсырма
                  Өздеріңді әртүрлі агрегаттық күйдегі су бөлшектері ретінде елестетіңдер. Су бөлшектерінің қозғалысын
               көрсетіңдер.Бөлшектердің қозғалысы, олардың арасындағы қашықтық және оларды бірге ұстап тұратын
               күштер туралы ойланыңдар және сипаттама беріңдер.
                  Әртүрлі агрегаттық күйдегі зат бөлшектері әртүрлі қозғалады.
                  Бөлшектер  бір  орыннан  екінші  орынға  ауысатын  бөлшектердің  осындай  қозғалысы  диффузия
               үдерісін туғызады. Қалай ойлайсыңдар, қай күйде бөлшектер тезірек диффузияланады?

         16
   11   12   13   14   15   16   17   18   19   20   21