Page 21 -
P. 21

Зерттеңдер                                                                                         ХИМИЯ
               Қыздырылған  парафиннің
        textbooks nis edu kz
            салқындау  қисық  сызығын  сы-
            зыңдар.  60–250С  температура
            аралығындағы басты аймақтарды
            анықтаңдар.



              Орындаңдар

                 Графикте  қанша  аймақты
              анықтауға болады? Молеку-
              лалардың  қозғалысы  қалай
              өзгереді?  Молекулалардың
              энергиясы  қалай  өзгереді?
              Молекулалардың орналасуы
              өзгереді ме? Кристалдану қай
              кезде басталады?





























               Күрделі тапсырма
               Неліктен балқыған парафин температурасы өзгеріссіз қалады?

               Зерттеңдер
            1.  Бірдей  екі  стақанды  алыңдар.  Біреуіне  жартысына  дейін  үрмебұршақ,  екіншісіне
               жарма салыңдар. Екі стақандағы заттарды қосыңдар. Көлемін анықтаңдар. Стақан
               неліктен толған жоқ? Себебін түсіндіріңдер.

            2.  Бірдей екі стақанды алыңдар. Бір стақанға ыстық су құйыңдар. Екінші стақанға сондай
               көлемде  мұзды  су  құйыңдар.  Әрбір  стақанға  марганцовка  кристалын  салыңдар.
               Судың әртүрлі боялу үдерісін бақылаңдар. Оны қалай түсіндіруге болады?



               Ойланыңдар
            1.  Газдың конденсациясы кезінде көлемнің азаюын қалай түсіндіруге болады?
            2.  Салқындау кезінде бөлшектердің орналасуы қалай өзгереді?
            3.  Қатпайтын сұйықтықтар кездесуі мүмкін бе?
            4.  Қырау мен шық бір уақытта пайда болуы мүмкін бе?
            5.  Сендердің ойларыңша ғарышта қар жауады ма?








                                                                                                                 21
   16   17   18   19   20   21   22   23   24   25   26