Page 18 -
P. 18

2.2.   Жылу энергиясы және


                           бөлшектердің қозғалуы

        textbooks nis edu kz

                 Шық қашан және                    Қатты, сұйық немесе газ күйінде заттың бөлшектері өзгермейді.
                 қалай түзіледі?                Зат  бөлшектерінің  орналасуы  мен  қозғалуы  қалай  өзгереді?
                                                Температура  жоғарылаған  кезде  бөлшектердің  қозғалысы  артады
                                                және зат энергиясы да өседі.

                                                 Зат      Температураның төмендеуі    Температураның артуы


                                                 Қатты    Бөлшектер баяу қозғалады    Бөлшектер тезірек
                                                                                      қозғалады да, сұйықтық
                                                                                      түзіледі
                                                 Сұйық    Бөлшектер баяу қозғалады,   Бөлшектер өте тез
                                                          зат қатады                  қозғалады, газ түзіледі
                                                 Газ      Бөлшектердің қозғалысы      Бөлшектер өте тез
                                                          баяулайды, конденсация      қозғалады да, газдардың
                                                          жүреді                      көлемі ұлғаяды

                                                   1-тапсырма
                                                   Кестеде берілген ақпаратты қолдана отырып, блок-сызба сызыңдар.

                                                   Жылу құбылысы температураға байланысты. Заттың жылу энергиясы
                                                неғұрлым көп болса, термометр арқылы өлшеуге болатын темпера-
                                                тура артады. Зат күйінің өзгеруі де жылу энергиясымен байланысты.
                                                Зат салқындаған кезде жылу энергиясын жоғалтады. Затты қыздырған
                                                кезде жылу энергиясын қабылдайды.
                                                Жылу энергиясы артқанда бөлшек-                       Салқындау
                                                тер тезірек қозғалады. Осылайша,
                                                тартылыс күшін жеңу үшін бөлшек-
                                                тердің қозғалысы жеткілікті болғанда
                                                қатты зат сұйықтыққа айналады.
                                                   Зат күйінің өзгеруі табиғи және
                                                өнеркәсіптік үдерістерде маңызды
                                                рөл атқарады. Су буы электр стан-
                                                цияларындағы бу турбиналарында
                                                пайдаланылады. Атырау, Шымкент,
                                                Павлодар мұнай өңдеу зауыттарында
                                                мұнайды айдау арқылы мотор майла-
                                                ры алынады. Мұнайды айдау арқылы
                                                түрлі пайдалы өнімдер алады. Өнер-
                                                кәсіпте жүретін химиялық реакциялар
                                                арқылы көптеген арнаулы өнімдер
                                                алынады. Мысалы, Ақтөбе және Ақсу   Қыздыру
                                                ферроқұйма зауыттары мен Теміртау
                                                металлургиялық комбинатында жүр-
                                                гізілетін металл өңдеу үдерістерінде
                                                арнаулы өнімдер алады.


                                                  Сендер білесіңдер ме?


                                                  •  Заттың  плазма  деп  аталатын  төртінші  агрегаттық  күйі  бола-
                                                     ды. Ол балауыз шамның жалынында немесе Күн сияқты өте
                                                     ыстық нүктелерде түзіледі.
                                                  •  Иод қатты күйден бірден газға айналатын ерекше зат болып
                                                     табылады. Бұл үдерісті сублимацияға мысал ретінде келтіруге
                                                     болады.

         18
   13   14   15   16   17   18   19   20   21   22   23