Page 17 -
P. 17

ХИМИЯ
               Зерттеңдер
        textbooks nis edu kz
               1.   Ауа  толтырылған  шарды  қысқанда  не  болады?  Осыны  жасап
            көріңдер. Болып жатқан өзгерістерді бөлшектер деңгейінде түсіндіріңдер.
               2.   Бос бөтелкені және су толтырылған бөтелкені қысып көріңдер. Өз
            бақылауларыңды түсіндіріңдер.

               Ойланыңдар
               Неліктен Каспий теңізіндегі мұнайдың төгілуі бүкіл аймақтың проблемасы
            болуы мүмкін?

               Күрделі тапсырма
               Алмаздағы  бөлшектердің  орналасуы  оның  қасиеттеріне
            қалай әсер етеді?
               Агрегаттық  күйі  өзгерген  кезде  заттың  физикалық
            қасиеттері  де  өзгереді.  Егер  зат  қатайса,  заттың  морттық
            және  сынғыштық  қасиеті  пайда  болады.  Зат  буланған
            кезде  оның  ұшқыштық  қасиеті  артады.  Кез  келген  күйде
            заттың  химиялық  құрамы  мен  химиялық  қасиеттері
            сақталады. Мысалы, қатты және еріген балмұздақ әртүрлі
            болғанымен,  дәмдері  бірдей  болады.  Заттың  агрегаттық
            күйі  мен  пішінінің  өзгеруі  физикалық  құбылыс  болып
            табылады.  Физикалық  құбылыс  –  бұл  заттардың  пішіні
            немесе  агрегаттық  күйінің  өзгеруі,  нәтижесінде  жаңа
            заттар түзілмейді.
               Химиялық  құбылыс  –  бұл  бір  заттардың  басқа
            заттарға айналуы.
               Кейбір  өзгерістерді  жүргізу  қиын  немесе  мүмкін
            емес.  Мысалы,  жұмыртқаны  қуыру,  сүттің  ашуы,
            жапырақтардың шіруі, автокөліктердің тот басуы
            сияқты үдерістер қайтымсыз болады. Айтылған
            үдерістердің барлығы химиялық реакциялар
            ретінде  белгілі  химиялық  құбылыстарға
            мысалдар болып табылады.

               Ойланыңдар
                 Егер  балмұздақты  тоңазытқыштан  белгілі  уақытқа
            шығарса не болатынын түсіндіріңдер:
               а) жарты сағат; ә) 2 апта.


              Орындаңдар

              1. Қыста аяз кезінде далаға жуып жайып қойған киімді бүктеу қиын. Себебі неде деп ойлайсыңдар?
                2. Сұйықтық.    1. Қатты зат.  А.  Тек қана көлемін сақтап қалады; ағады, сығылмайды.
              2. Стақандағы су буланып, буға айналды. Су бөлшектерінің орналасуы және қозғалысы қалай өзгерді?
              3. Агрегаттық күй (1–3) мен зат қасиеттері (А–Б) арасындағы сәйкестікті анықтаңдар.




                3. Газ.                  Ә. Пішіні мен көлемін сақтамайды; ағады, оңай сығылады.
                                         Б.  Пішіні мен көлемін сақтайды; сығылады.


              4. Берілген өзгерістерді физикалық және химиялық деп бөліңдер:
              a) шегенің тот басуы;   ә)  қардың еруі;   б)  терезенің булануы;
              в)  шырынға мұз салу;   г)  балауыз шамның жануы.





                                                                                                                 17
   12   13   14   15   16   17   18   19   20   21   22