Page 19 -
P. 19
ХИМИЯ
2-тапсырма
textbooks nis edu kz
1. Берілген үдерістерді физикалық және химиялық деп жіктеңдер және таңдауларыңды
түсіндіріңдер.
А. Жазда адамдар терлейді. Г. Үстел үстінде тұрған балмұздақ еріп кетеді.
Ә. Қыста терезеде қырау пайда болады. Ғ. Су қайнай бастағанда шәугімнің қақпағы
Б. Қыста бу түрінде дем шығарамыз. сықырлайды.
В. Қант ыстық шайда ериді. Д. Шәйнекте қақ пайда болады.
Е. Сүтті тоңазытқышта сақтамаса ашып кетеді.
2. Жоғарыда берілген физикалық үдерістің бірін таңдаңдар. Осы үдеріс барысында бөлшектердің
қозғалысы және жылу энергиясы қалай өзгеретінін түсіндіріңдер.
Есте сақтаңдар!
● Қатты, сұйық және газтәрізді заттарда молекулалар әртүрлі ор-
наласады.
● Молекулалар заттардың энергиясының өзгеруі нәтижесінде
әртүрлі орналасады.
● Энергия өзгерген кезде молекулалардың қозғалысы өзгереді.
● Жылу энергиясы артқан кезде, температура жоғарылайды.
● Жылу энергиясының өзгерісі бөлшектердің қозғалысына әсер
етеді.
Орындаңдар
1. Судың үш агрегаттық күйінің ұқсас және ерекше қасиеттерін
атаңдар.
2. Ит жүгірген кезде неге тілі салақтап кетеді?
3. «Ақшақар» ертегісіндегі негізгі кейіпкер оттың үстінен секір-
генде не болған еді?
4. Неліктен иод құйылған бөтелкенің қақпағын мықтап жабу ке-
рек?
19

