Page 20 -
P. 20

2.3.   Салқындау үдерісі





        textbooks nis edu kz
                 Жер шарындағы
                 барлық заттар                     Ойланыңдар
                 бір агрегаттық                    Қардың құрамы қандай? Неліктен тоңазытқыштан алынған сусын
                 күйде кездеседі деп            бар  бөтелкеде  су  тамшылары  пайда  болады?  Неге  қайнаған  сүт
                 ойлап көріңдер.                «тасып кетеді»? Неліктен қыста ағаштарды қырау басады? Неге жазда
                 Бұл жағдайда                   шөпте шық пайда болады?
                 климат қандай                     1-тапсырма
                 болуы мүмкін?                     Бірінші тарауда заттың агрегаттық күйінің өзгеруі туралы білдіңдер.














                                                     Қатты зат              Сұйықтық                   Газ


                                                Диаграмма сызып, бағдаршалардың үстіне үдерістердің
                                                атауларын жазыңдар.

                                                     балқу қату булану конденсация


                                                   Зат  салқындаған  кезде  бөлшектердің  қозғалысы  баяулайтынын
                                                білесіңдер. Алдымен газ сұйық күйге ауысады. Температура одан әрі
                                                төмендеген кезде сұйықтық қатты күйге ауысады. Бұл үдеріс әртүрлі
                                                заттар үшін түрлі температурада жүреді. Зат бір күйден басқа күйге
                                                ауысатын  температура  қайнау,  балқу  және  қату  нүктелері  деп
                                                аталады.

                                                  2-тапсырма


                                                  1. Бөлме температурасындағы
                                                     су құйылған сынауықты
                                                     мұз және тұз арқылы
                                                     салқындатыңдар.
                                                  2. Алынған нәтижелерді
                                                     жазыңдар.
                                                     суретін салыңдар.
                                                  3. Өз бақылауларыңның
                                                     Өзгерістерді бөлшектер
                                                     теориясы мен бөлшектер
                                                     қозғалысы тұрғысынан
                                                     түсіндіріңдер.




                                                   Есте сақтаңдар!
                                                   Кристалдану үдерісінде заттар қоршаған ортаға жылу береді. Ішкі
                                                энергия азаяды. Сондықтан бөлшектердің қозғалғыштығы азаяды
                                                да,  зат  қатады.  Себебі  бөлшектер  арасында  тартылыс  күші  пайда
                                                болады.


         20
   15   16   17   18   19   20   21   22   23   24   25