Page 63 -
P. 63
ХИМИЯ
Еріткіш Еритін зат Ерітінді
textbooks nis edu kz
Зерттеңдер
3
• 10 см суда қанша грамм ас тұзы ериді? Тұз мөлшерін қалай өлшеуге болады?
• Сол экспериментті басқа тұзбен, мысалы, калий нитратымен жасап көріңдер.
• Егер еріткіш (бұл жағдайда су) едәуір жоғары температурада болса, ерігіштік қалай
өзгереді?
• Суалту үдерісін пайдалана отырып, сол ерітіндідегі еріген затты қалай анықтауға бо-
лады?
• Егер борды суда ерітсе не болады?
Орындаңдар
1. Заттың суда ерігіштігін қалай анықтауға болатынын сипаттаңдар. Егер зат еріткіште
ерімейтін болса, не байқалады? Ал зат еріткіште еритін болса, не байқалады?
2. Неліктен тырнаққа жаққан лак суда ерімейді?
3. Ерітінді түрлерін (А, Ә немесе Б) анықтамаларымен (І, ІІ немесе ІІІ)
сәйкестендіріңдер.
A. Қаныққан. І. Бірдей жағдайда қаныққан ерітіндіге қарағанда еріген
Ә. Қанықпаған. зат мөлшері көп ерітінді.
Б. Аса қаныққан. ІІ. Белгілі бір температурада еріген заттың ең көп
мөлшері бар ерітінді.
ІІІ. Осы температурада қаныққан ерітіндіге қарағанда
еріген заттың мөлшері аз ерітінді.
4. Қыста далаға жайған кезде ылғал киім қатып қалады. Бірақ біраз уақыттан кейін
ол аяз тіпті күшті болса да құрғай бастайды. Оны қалай түсіндіруге болады?
5. Егер аспазшы сорпаға тұзды көп қосып жіберсе, оған аздаған күріші (20–30 г)
бар мата қалтаны 10–15 минутқа салуды ұсынады. Бұл рецепт неге негізделген?
Сорпаның дәмін жақсарту үшін басқа қандай әдіс ұсына аласыңдар?
Гозодағы тұзды тоғандар, Мальта
63

