Page 102 -
P. 102

9.1   Тұқымқуалаушылық ақпараттарды сақтау мен

            берудегі ДНҚ рөлі


            Біздің генімізде не жасырылған?
                  textbooks nis edu kz
                                                                                  Әмір ұзақ уақыт бойы
                Тұқымқуалаушылық – бұл ағзалардың өз белгілерін                   көріспеген тәтесіне қо-
            ұрпақтан-ұрпаққа  беру  қасиеті.  Мысалы,  саған  көз  бен            наққа келді. Тәтесі құ-
            шаштың түсі, мұрынның пішіні, бойың, тілді жиыру қабілетің            шақтап тұрып, оған: «Сен
                                                                                  өсіп қалыпсың ғой! Әкеңе
            өз туысқандарыңнан берілді.                                           тартып, бойың ұзын бо-
                                                                                  лыпты! Көзің атаңа ұқсап-
             1-тапсырма    Айнаға қарап, ойланып жауап бер.                       ты!» – деді. Неліктен біз
                •   Шашыңның түсі қандай? Түзу ме, бұйра ма?                      өз туыстарымызға сонша-
                •   Олар бір-бірінен алшақ орналасқан ба, әлде мұрынға жақын      лықты ұқсас болып келеміз?
                орналасқан ба?
                •   Иегіңде кішкене шұңқыр бар ма?
                •   Құлағыңның сырғалығы қандай?
                •   Оң қолмен жақсы жұмыс істейсің бе? Сол қолмен бе?
            Саған қай белгілер ата-анаңның қайсысынан берілгенін анықта.
                Ағзаның белгілері туралы ақпарат генде сақталады.
            Ген – ДНҚ молекуласының бөлігі. Әр генде белгілі бір
            нәруызды синтездеуге арналған код, ақпарат бар. Дәл
            осы нәруыздар біздің өсіп-дамуымызды және ата-анала-
            рымыздан қай белгілердің тұқым қуалайтынын анықтайды.                 Тірек сөздер
            Ген құрылымының өзгеруі ағза белгісінің өзгеруіне әке-                Тұқымқуалаушылық,       ген,
            леді. Сондықтан генді тұқымқуалаушылықтың бірлігі деп                 нәруыз, геном, ДНҚ, нуклеотид,
                                                                                  аденин, гуанин, цитозин, тимин,
            атайды. Мысалы, ата-анаңның екеуінің де көздері жасыл                 фосфатты топ.
            түсті болса, сен де осы ерекшелікке ие боласың.
                Ген адамның жеке белгілерін анықтайды. Өсімдіктер мен
            жануарлар геномының құрамы (генетикалық материал-
            дар жиынтығы) құрылысы жағынан жалпы алғанда бірдей.
            Жақын түрлердің бір-бірінен айырмашылығы аз болады да,
            туыс емес түрлер бір-бірінен қатты ерекшеленеді.                            ДНҚ

            ДНҚ – тіршілік молекуласы                                                                  аденин

                Барлық тірі ағзаларда олардың жасушаларында орна-                 Ген                  тимин
            ласқан ДНҚ (дезоксирибонуклеин қышқылы) болады.                                            цитозин
            Онда ағзаның өсуі мен дамуы туралы генетикалық ақпа-
            рат сақталған. Бұл – әрбір адамды бірегей ететін гендердің                                 гуанин
            реттілігі. Әрбір биологиялық түрдің ағзаларындағы жасу-
                                                                                                       фосфатты
            шаларда ДНҚ-ның белгілі бір саны болады. Барлық эука-                                      топ
            риоттардың ДНҚ молекулалары жасуша ядросында және
            митохондриялар мен пластидтердің органоидтарында бо-
            лады. Прокариоттарда ядро болмайды, сондықтан олардың
            ДНҚ-сы цитоплазмада орналасады.                                      ДНҚ молекуласының құрылысы


             102
   97   98   99   100   101   102   103   104   105   106   107