Page 106 -
P. 106

9.3   Омыртқалы жануарлардың көбею мүшелері



            Жынысты көбеюдің артықшылықтары
                                                                                  Тышқандардың басқа
                  textbooks nis edu kz
                Жынысты көбею кезінде ұрпағына ата-анасының екеуінің              кемірушілер сияқты
            де генетикалық ақпараты берілетіні айтылды. Бұл ұрпақтың              тіршілігінің орташа
            генетикалық өзгергіштігін арттырады да, ағзалардың эволю-             ұзақтығы бар болғаны
                                                                                  1-2 жыл. Солай болса да
            ция барысында қоршаған ортаның өзгермелі жағдайларына                 олар ежелгі адамдардың
            бейімделуіне мүмкіндік береді. Осылайша, жынысты көбею                қонысынан да табылған.
            ағзалардың тұқым қуалайтын өзгергіштігін қамтамасыз етеді.            Қандай ерекшеліктеріне
                Сонымен, ағзалардың әртүрлі топтарында көбею мүше-                байланысты тышқандар
            лерінің жүйесі пайда болады. Оның негізгі қызметі – өзіне             осы уақытқа дейін Жер ша-
                                                                                  рынан жойылып кетпеген?
            ұқсас ұрпақ қалдыру. Көбею мүшелерінің жүйесі жыныстық
            көбеюге жауап беретін мүшелер топтары болып табылады.
            Тірі ағзалар түрінің көпшілігі екі жынысқа бөлінеді: аталық
            және аналық. Олардың әрқайсысының өзіндік бірегей жы-
            ныс жүйесі болады. Олар түрі, құрылысы жағынан ерек-
            шеленеді және арнайы жыныс жасушаларын өндіру мен
            тасымалдауға арналады.
                Омыртқалы жануарлардың жыныс жүйесі құрылысының
            жалпы жоспары ұқсас болады, сондай-ақ жыныс жасушаларын               Тірек сөздер
            өндіретін және олармен жыныс жолдары арқылы байланы-                  Көбею мүшелерінің жүйесі,
            сатын жыныс бездерінен тұрады. Жыныс жолдары тасымалды                жыныс бездері, жыныс жолда-
                                                                                  ры, аталық жыныс безі, шәует
            қамтамасыз етеді.
                                                                                  шығаратын түтіктер, аналық
                                                                                  жыныс безі, жұмыртқа жолы,
             1-тапсырма      Жануарлардың  жынысты  көбеюінің  ерекшеліктерін     клоака, сырттай/іштей ұрықта-
            талқыла. Жыныс жасушаларын атап шық. Олар қалай түзіледі? Хромо-      ну, уылдырықтар, уылдырық
            сомалар жиынтығы қандай?                                              шашу.

            Балықтар мен қосмекенділердің жыныс жүйесі

                Балықтар мен қосмекенділердің көбею
            мүшелерінің құрылысында ұқсастықтар                                Аталық        Жұмыртқа жолы
                                                                               жыныс безі       Аналық
            көп. Аналықтың жұп аналық жыныс без-                                              жыныс безі
            дерінде жұмыртқа жасушалары – уылды-
            рықтары дамиды. Балықтар мен бақалар-
            дың аталықтарының жұп аталық жыныс
            бездерінде сперматозоидтер түзіледі. Ана-                             Несеп жолы
            лықтары уылдырық шашып, оны суасты                                     Қуық
            өсімдіктеріне немесе тастарға жапсырады.
            Аталықтары құрамында сперматозоид-
                                                                                  Клоака
            тері бар сұйықтық бөледі. Балықтар мен
                                                                     АТАЛЫҚ                      АНАЛЫҚ
            қосмекенділердің  гаметалары  суда  қо-
                                                               Қосмекенділердің жыныс жүйесінің құрылысы
            сылады. Бұл құбылыс сырттай ұрықтану
            ретінде белгілі.



             106
   101   102   103   104   105   106   107   108   109   110   111