Page 105 -
P. 105

1-тапсырма    Суретте сау адамның (А) және Даун синдромы
          бар науқас адамның (Ә) хромосомалар жиынтығы берілген.
          Хромосомалар санындағы қатені анықта. Бұл қандай сал-
          дарға әкелуі мүмкін екендігі туралы ойлан.

                  textbooks nis edu kz
          Дене жасушаларының жыныс
          жасушаларынан айырмашылығы                                        А                        Ә

             Ағзамыздың барлық жасушалары – дене жасушаларында хромосомалардың диплоид-
          ты (толық) жиынтығы болады. Жоғарыда айтылғандай, адамда 46 хромосома бар. Ал жыныс
          жасушаларында (сперматозоидтер, жұмыртқа жасушалары) хромосомалардың саны екі
          есе аз болады. Олар хромосомалардың гаплоидты (жартылай) жиынтығын құрайды,
          яғни 23 хромосомасы болады.

          2-тапсырма     Сызбаны  пайдаланып,  адам  он-
          тогенезінің әрбір кезеңіндегі хромосома санын
                                                                                  Ұрықтану
          жазып ал. Олардың сандарының әртүрлі болуы
                                                                Жұмыртқа жасушасы
          немен байланысты екенін түсіндіруге тырыс. Осы
          құбылыстың биологиялық маңызы неде?
                                                                                                        Ұрық
          3-тапсырма   Ермексаздан хромосома жасап, хро-                              Зигота
          мосомалардың диплоидты жиынтығы қай үдеріспен             Сперматозоид
          байланысты түзілетінін түсіндір. Ол қандай жасуша-
          ларда болады?
          Тірі ағзалардың әртүрлі түрлерінің хромосомалар саны

             Тірі ағзалардың әрбір түріне хромосомалардың белгілі бір саны тән. Олар саны, пішіні мен
          құрамы бойынша ажыратылуы мүмкін. Адамда 23 жұп хромосома, барлығы 46 хромосома
          бар. Олардың құрамында шамамен 24 000 ген болады.
             Хромосомалар саны ағзалар құрылымының күрделілігіне тәуелді болмайды және әрқа-
          шан олардың туыстығын көрсете бермейді. Мысалы, қырықжапырақта шамамен 1200
          хромосома болады.

           Өзіңді тексер
           1.  «Ген», «хромосома», «ДНҚ», «жасуша», «ядро»  3.  Кестені дәптеріңе сызып алып, жетіспейтін бөлік-
               терминдерін алдымен өсу ретімен, ал одан кейін   терін толтыр.
               кему ретімен орналастыр. Олардың өзара қандай        Ағза         Хромосо-     Хромосо-
               байланысы бар екенін түсіндір.                                    малардың     малардың
           2.  Адамның мынадай жасушаларындағы хромосо-                         диплоидты     гаплоидты
               малар санын анықта:                                              жиынтығы      жиынтығы
               •   бұлшықет жасушасы;                         Мысық                 38
               •   сперматозоид;                              Сиыр                               60
               •   нейрон;                                    Бидай                 42
               •   ұрықтанған жұмыртқа жасушасы;              Дрозофила –                         4
               •   эритроцит.
                                                              жеміс шыбыны


          Күрделілігі жоғары тапсырма     Шимпанзеде, қара бұрышта және тарақанда 48 хромосома бар. Бұларды
          эволюция тұрғысынан жақын түрлер деп атауға бола ма? Өз жауабыңды дәлелде.



                                                                                                        105
   100   101   102   103   104   105   106   107   108   109   110