Page 103 -
P. 103
ДНҚ молекуласы ұзын, жіңішке қос тізбек түрінде
көрінеді. Әр шиыршығы қайталанып отыратын блоктардан
– нуклеотидтерден тұрады. ДНҚ-ға құрамында азотты негізі
бар нуклеотидтердің 4 түрі кіреді – ол аденин (А), гуанин
(Г), цитозин (Ц) және тимин (Т). Тізбектегі нуклеотидтер
арасындағы байланыс көмірсулар (дезиксирибоздар) мен
фосфатты топ есебінен пайда болады. ДНҚ молекуласының моделі
2-тапсырма ДНҚ молекуласы құрылымының сызбасын анықтап қара. Қолда бар материалдарды (конструк-
тор, қағаз) пайдаланып, оның көлемді моделін жаса. Әр бөлігінің атауларын жаттап ал.
Біз неліктен соншалықты әртүрліміз?
Біздің ағзамыздың кейбір белгілері генмен беріледі. Сондай-ақ, ағзаның тіршілік әрекеті
барысында қоршаған орта әсерінен қалыптасатын белгілері де болады. Олар тұқым қуала-
майды, мысалы, өмір сүру барысында қалыптасқан дағдылар (оқу, көлік жүргізу, т.б.), денедегі
тыртықтар, күн астында ұзақ уақыт өткізуден пайда болған тері түсінің коңырлануы. Сондықтан
бір ағзаның ұрпағы ата-анасынан, сонымен қатар бір-бірінен ерекшеленеді.
3-тапсырма Фотосуреттегі белгілердің қайсысы жүре пайда болатынын, ал қайсысы тұқым қуалайтынын
анықта. textbooks nis edu kz
Көздің және шаштың түсі Дене әшекейі Қан тобы Сурет салу
Өзіңді тексер
1. Бір ағзаның барлық ұрпақтары бір-біріне ұқсас болып келеді, бірақ барлық белгілері бойынша ұқса-
майды. Ұрпақтарының белгілерінің өзгеру себептері қандай?
2. Неліктен адамдардың арасындағы туыстықты анықтау үшін басқа органикалық молекулаларға (нәруыз-
дар, майлар, көмірсулар) емес, ДНҚ тестісін тапсырады?
Күрделілігі жоғары тапсырма 1. Гемофилия – қанның ұю (ата-ана) Анасы + (гемофилия)
I ұрпақ
Әкесі
(сау)
үдерісінің бұзылуымен байланысты тұқым қуалайтын ауру.
Ұлы әкесінен қандай белгілерді алды? Анасынан ше? Қызы
туралы не айтуға болады? Қызы дені сау жігітке тұрмысқа +
шықты. Олардың немерелерінен гемофилия қайта көрініс II ұрпақ
бере ме? Тұқымқуалаушылықтың негізгі құрылымы қандай? Ұлы(сау) Қызы Әкесі (сау)
(тасымалдаушы)
2. Адам мен шимпанзенің генетикалық ақпаратының ұқсас-
тығы 98%-ды құрайды. Адамның сүтқоректі жануарлармен
ұқсастығын дәлелде. Адам және шимпанзенің ортақ бел- III ұрпақ
гілерін атап шық. Қызы Ұлы Ұлы Қызы
(сау) (сау) (гемофилия) (тасымалдаушы)
103

