Page 104 -
P. 104

9.2   Әртүрлі ағзалардың хромосомалар саны мен

            орналасуы


            Хромосомалар қайда орналасқан?
                  textbooks nis edu kz
                                                                                  Клондау (жыныссыз жолмен
                Біздің денемізді шамамен 230-ға жуық әртүрлі типті жа-            көбейту арқылы сол ағзаға
            сушалар құрайды. Жасуша – барлық тірі ағзалардың негізгі              ұқсас бірнеше ұрпақ алу)
                                                                                  қалыпты жағдайға айналып
            құрылымдық және қызметтік бірлігі. Сонымен бірге әр жасуша            келе жатыр. Неліктен
            өз қызметін атқарады: қан жасушалары, сүйек жасушалары,               қазіргі уақытта адамзат
            сонымен қатар бұлшық етті түзетін жасушалар болады. Олар              динозаврларды немесе
            қандай қызметті атқаруы тиіс екенін қалайша біледі? Олардың           басқа да тарихи кезеңге
            көпшілігінде ерекше құрылым – ядро бар. Әр жасушаның                  дейінгі жануарларды
                                                                                  клондай алмайды?
            ядросында хромосомалар болады. Бұл ерекше нәруыздар
            – гистондармен байланысқан ұзын ДНҚ тізбектері.


                                   Хромосома

                                                           Ген
                   Ядро






                                                             ДНҚ
                                                                                  Тірек сөздер
                                                                                  Жасуша,  ядро,  хромосома,
                                                                                  ги стондар, гомологты хромо-
                                                                                  сомалар, сомалық/жыныстық
                               Жасуша                                             жасушалар, хромосомалардың
                                                                                  диплоидты/гаплоид ты жиын-
            Жасушадағы генетикалық материалдың құрылымы                           тығы.

                Оларды біз көре аламыз ба? Көлемі өте кішкентай болған-
            дықтан оларды жай көзбен көре алмаймыз. Бірақ жасуша
            бөлінуге дайындалған кезде хромосомалар тығыздалып, екі
            еселенеді де, оларды тіпті жарық микроскобы арқылы да
            көруге болады.

            Хромосомалардың барлығы жұп бола ма?

                Хромосомалар жасушада жұп түзеді. Осындай жұп хро-
            мосомалар гомологты деп аталады, өйткені гендерінің
            жиынтығы бірдей болады. Нәтижесінде ұрпағы ата-анасы-
            ның әрбірінің гомологты жұбынан бір хромосомадан алады.              Жарық микроскобымен
            Осылайша, жаңа ағзаға ата-анасының екеуінен де генетика-             қарағандағы пияз
            лық материал беріледі.                                               қабығы жасушаларының
                                                                                 хромосомалары


             104
   99   100   101   102   103   104   105   106   107   108   109