Page 110 -
P. 110

9.5   Гүлді өсімдіктердің қосарлы ұрықтануы



                Сен тозаңдану мен оның түрлері туралы білесің. Бұл
            үдеріс нәтижесінде тозаң аналық аузына түседі. Одан әрі               Қандай үдеріс арқылы
                  textbooks nis edu kz
                                                                                  гүлдерден жеміс түзіледі?
            ұрықтану – жыныс жасушаларының қосылуынан зиготаның
            түзілуі жүреді. Бұл үдерісті 1889 жылы орыс ботанигі С.Г.  На-
            вашин ашқан және оны қосарлы ұрықтану деп атаған.


             1-тапсырма    С.Г. Навашин зерттеу нысаны ретінде қандай өсімдіктер
            алды? Оның ғылыми жаңалықтары гүлді өсімдіктердегі жынысты көбею
            үдерісінің сиппаттамасына қалай әсер етті?

                                                                                  Тірек сөздер
                  Жетілген тозаң түйіршігі
                                                                                  Қосарлы ұрықтану, тозаң тү-
                                                                                  йіршігі, спермий, тозаң түтігі,
                                                           Тұқымтүйін
                         Спермийлер                                               тұқымтүйін, орталық жасуша,
                                                                                  зигота,  тұқым,  эндосперм,
                                                                                  жеміссерік, жеміс.
               Тозаң түйіршігі                               Орталық
               бар тозаңдық                                  жасуша

                                                                                                         Тұқым
                         Тозаң
                         түтігіндегі                              Эндосперм
                         спермий



                                                                    Ұрық
                                      Жұмыртқа жасушасы
                                                                                    Жеміссерік
            Гүлді өсімдіктердің қосарлы ұрықтану үдерісі

                Тозаңдану үдерісі барысында тозаң түйіршігі аналықтың ауызына түседі. Тозаңның
            әрқайсысында екі гаплоидты спермий болады. Ол тозаң түтігін түзіп, аналық түйініне
            (жатынға) өседі. Аналық түйіннің ішінде тұқымтүйін болады. Оған кіреберісте гаплоидты
            жұмыртқа жасушасы, ал ішінде хромосомалардың диплоидты (толық) жиынтығы бар
            ірі орталық жасуша орналасады. Бірінші спермий жұмыртқа жасушасымен қосылады.
            Диплоидты зигота түзіледі. Содан тұқым түзіледі. Бұл – болашақ өсімдік. Екінші спермий
            орталық жасушамен қосылады, хромосомалардың үш жиынтығы бар (триплоидты)
            эндосперм түзіледі. Ол ұрыққа қоректік заттардың қоры ретінде қызмет етеді. Одан кейін
            аналық түйінінің қабырғаларынан жеміссерік дамиды. Ол тұқымды қоршаған ортаның
            қолайсыз жағдайларынан қорғайды. Осылайша жеміс түзіледі.

             2-тапсырма   Гүлді өсімдіктердің қосарлы ұрықтану сызбасын танып біл. Меңгерген біліміңді қолданып, әр
            сатыға тән хромосомалар жиынтығын анықта. Қосарлы ұрықтанудың биологиялық маңызы неде?






             110
   105   106   107   108   109   110   111   112   113   114   115