Page 112 -
P. 112
9.6 Мен – генетикпін
Генетика – биология ғылымының болашағынан зор үміт
Бүгінгі таңда ешкімді іші
textbooks nis edu kz
күттіретін жаңа бір саласы. Оның жетістіктері мен жаңа- сары қарбызбен, ақ түсті
лықтары адамзат тіршілігінің түрлі салаларына әсер етеді. құлпынаймен немесе түрлі
Зерттеу нысандарына өсімдіктер, жануарлар, микроағзалар, түсті жүгерімен таңғал-
адам және т.б. жатады. дыра алмаймыз. Ойланып
көр, ғылымның қай саласы
Генетика – адам қызметінде осындай азық-түлік өнім-
дерін жасап шығару мәселе-
Генетиканың жаңа жетістіктері гендік инженерия мен лерімен айналысады?
медициналық генетиканың дамуымен байланысты.
Медициналық генетика тұқым қуалайтын ауруларды
анықтау, зерттеу, алдын алу және емдеумен айналысады,
аурудың генетикалық бейімділігіне және қоршаған орта
жағдайларына қаншалықты тәуелділігін зерттейді. Бүгінгі
таңда 2 мыңнан астам тұқым қуалайтын ауру түрлері бар.
Гендік инженерия жаңа гендік модификацияланған ағ-
заларды (ГМА) жасап шығарумен айналысады және алдына
мынадай ізгі мақсаттар қояды: ғаламшарымыздағы адамдар-
дың көп бөлігінің тойып тамақтанбау мәселесін жою, жаңа
дәрілерді жасап шығару мүмкіндігіне қол жеткізу, ауыл ша-
руашылығы жұмысшыларының еңбектерін жеңілдету. Екінші
жағынан, гендік инженерия бірқатар мәселелердің, соның
ішінде моральдық-этикалық мәселенің туындауына алып
келді.
Генетик мамандығын таңдаудың пайдалы тұстары
• Генетика саласынан меңгерген білім
өмірдің түрлі салаларында қолданылады.
• Генетик медицинада саласында, ауыл
шаруашылығында, спортта, экология,
тіпті археология салаларында да өзіне
жұмыс таба алады.
• Генетик ғалымның әрдайым жаңалық
ашу мүмкіндігі зор. Кім біледі, мүмкін бір
жаңалықты сен ашарсың?!
112

