Page 109 -
P. 109
Өсімдіктердің бір бөлігіне тозаңдануға жел қажет. Ол
бір өсімдіктің тозаңын ұшырып әкеліп, басқасына тасы-
малдайды. Жел арқылы тозаңданатын өсімдіктердің топ-
тары өте көп. Мұндай өсімдіктердің гүлдері ұсақ, ажарсыз,
гүлшоғырларға біріккен болып келеді. Шірне бөлінбейді,
textbooks nis edu kz
иісі болмайды. Гүлдердің аталық жіпшелері ұзын болады
және тозаңды ұстап қалуға бейімделген жабысқақ аналық
ауызы болады. Тозаңның салмағы жеңіл, жел тасымал-
дағанда жойылып кетпеуі үшін өте көп бөлінеді. Желмен айқас тозаңдану
3-тапсырма Тозаңдану түрлері туралы плакат жасауға қатыс, оған
жел және жәндіктер арқылы тозаңданатын өсімдіктердің мысалда-
рын қос. Осындай тозаңдану түріне бейімделушіліктерді атап шық.
Неліктен желмен тозаңданатын өсімдіктер жапырақтары ашылмай
тұрып гүлдейді?
2-зерттеу Аталықтың тозаңын қылқалам көмегімен алып таста.
Оны су тамшысына орналастыр да, микроскоп арқылы бақыла. Әр-
бір тозаң түйіршігінің пішінін анықтап қара. Оның жел, жануарлар
арқылы тасымалдануына арналған қандай бейімделушіліктері бар? Әртүрлі өсімдіктердің тозаңдарының
Өз бақылауларыңды суретте де, жазып ал. Қолда бар материалдан микроскоп арқылы көрінуі
тозаң түйіршігінің көлемді моделін жаса.
Өзіңді тексер
1. Бір өсімдіктің тозаңы басқа өсімдікке ненің 3. Өсімдіктердің жел және жәндіктер арқылы то-
көмегімен түседі? Неліктен жазы салқын және заңданатын түрлерін ажырат. Олардың әрқайсы-
жаңбыр лы жылдарда бақша дақылдарының сының тозаңдану қабілетін айтып бер. Жел арқылы
түсімдері төмен болады? тозаңданатын өсімдіктердің тағы да басқа түрлеріне
2. Тозаңдану түрі мен гүл бейімделушіліктерінің мысалдар келтір.
белгілері арасындағы сәйкестікті тап.
1. Гүлдері ұсақ, гүлшоғырларға
біріккен
А. Жәндіктер 2. Гүлдері ірі немесе
арқылы гүлшоғырлары бар
тозаңдану
3. Шірнесі мен иісі бар
Ә. Жел 4. Шірнесі мен иісі жоқ
арқылы 5. Аналық мойны мен аталық
тозаңдану жіпшелері ұзын
6. Тозаңы көп және жабысқақ
7. Ашық түсті күлте
Күрделілігі жоғары тапсырма 1. «Араның ұяларынсыз бақ жоқ,
ал арасыз жеміс жоқ» деген орыс халқының мақалы бар. Осы сөздің
биологиялық мағынасы неде?
2. А және Ә тозаң түйіршігінің сыртқы түрін сипатта. Тозаң түйірші-
гінің құрылысы мен өсімдіктің тозаңдану түрін сәйкестендір. А Ә
109

