Page 117 -
P. 117

пуляция генофонды – бір популяция
          ағзасындағы гендердің жиынтығы.
             Егер қоршаған орта жағдайлары
          ұзақ уақыт бойы тұрақты болса, по-
          пуляцияның генофонды іс жүзінде
                  textbooks nis edu kz
          өзгеріссіз қалады. Алайда, егер тір-
          шілік жағдайлары өзгерсе, тек бел-
          гілі бір қасиеттер мен белгілері бар
          даралар тірі қалу үшін пайдалы ар-
          тықшылыққа ие болады.
             Табиғи сұрыпталу әрекетінің нәти-
          жесі бейімделу (ағзалардың тіршілік
          ету жағдайларына бейімделуі) және
                                                             Қоректену түріне байланысты құнақтардың
          тірі ағзалар түрлерінің алуантүрлілігі                      тұмсығының әртүрлілігі
          болып табылады.











          Орташа шұбар тоқылдақ       Қыстау қарлығашы               Лашын               Алашабыр амадин

          Зерттеу     Қоректену тәсілдеріне байланысты құс тұмсығы құрылымының ерекшеліктерін сипатта. Бұл
          құстардың немен қоректенетіні, құстардың тұмсығына қоректің қалай әсер ететіні туралы ойланып, жауап бер.
          Зерттеу нәтижелерін кесте түрінде дәптеріңе рәсімде. Қоректену тәсілдеріне байланысты құстардың тұмсығы-
          ның әртүрлі болып қалыптасуындағы табиғи сұрыпталудың рөлі туралы қорытынды жаса.


                         Құс                        Қоректену тәсілі                  Тұмсық пішіні




          2-тапсырма     Табиғатта неліктен табиғи сұрыпталу үдерісі жүреді? Оның бастапқы материалы деп нені
          айтамыз? Оны табиғатта көруге бола ма және оның нәтижелері қандай?


           Өзіңді тексер
           1.  Сабақта оқыған барлық ұғымдарға анықтама бер.
           2.  Галапагос  аралдарында  қандай  үдеріске  байланысты                    Сайрауық
               тоқылдақтікі сияқты ағаш қабығының астынан жәндік-                               Үйрек
               терді табуға көмектесетін күшті тұмсықтары бар құнақтар
               сақталған?                                                                        Тоқылдақ
           3.  Тірі ағзалар тіршілік ету жағдайларына қалай бейімделеді?  Африка        Қыран
                                                                          түйеқұсы
                                                                                 Құстардың аяқтары
          Күрделілігі жоғары тапсырма       Тіршілік ортасына байланысты құстардың аяқтарының құрылымдық ерек-
          шеліктерін зертте және сыныптастарыңа хабарлама дайында.



                                                                                                        117
   112   113   114   115   116   117   118   119   120   121   122