Page 116 -
P. 116

10.1   Эволюциялық үдерістегі

            тұқымқуалаушылық пен өзгергіштіктің рөлі

             Эволюциядағы тұқымқуалаушылық пен                                    Миллиардтаған
                  textbooks nis edu kz
             өзгергіштіктің рөлі                                                  жылдар ішіндегі Жер
                                                                                  бетіндегі тіршіліктің
                Эволюция – өзгергіштік, тұқымқуалаушылық және ағзалар-            үздіксіздігі қандай
             дың табиғи сұрыпталуы арқылы анықталатын тірі табиғаттың             үдерістерге байланысты
             қайтымсыз тарихи дамуы. Эволюция ағзалардың тіршілік ету             қамтамасыз етіледі?
             жағдайына бейімделуімен, жаңа түрлердің пайда болуымен
             және жалпы биосфераның өзгеруімен бірге жүреді.
                Тұқымқуалаушылық – бұл тірі ағзалардың өз құрылысы
             мен дамуының ерекшеліктерін сақтау және ұрпағына беру
             қасиеті. Ұрпақтан-ұрпаққа тұқымқуалаушылыққа байланысты
             түрлер, іріктемелер, қолтұқымдар, штамм белгілері сақталады.
                Өзгергіштік – тұқымқуалаушылыққа қарама-қарсы, бірақ              Тірек сөздер
             онымен тығыз байланысты. Өзгергіштік – ағзалардың жаңа               Эволюция,  тұқымқуалаушы-
             белгілерге ие болу қасиеті. Ол ағзалардың өзгеру қабілетін           лық, өзгергіштік, табиғи сұрып-
             білдіреді. Жеке даралардың өзгергіштігіне байланысты по-             талу,  популяция,  генофонд,
             пуляциялар әртүрлі.                                                  бейімделу.

                                  Органикалық дүние эволюциясының қозғаушы күштері



                   Тұқымқуалаушылық                      Өзгергіштік                    Табиғи сұрыпталу



                                                  Ағзалардың қоршаған орта        Орта жағдайларына неғұрлым
                Ағзалардың өз белгілерін
              ұрпақтан-ұрпаққа беру қасиеті     жағдайларының әсерінен жаңа       бейімделген дараларды іріктеу
                                                  белгілерге ие болу қасиеті                 үдерісі

             1-тапсырма    Ежелгі жылқылардың арғы тектерінің
             эволюциясы – қатты жерде тез жүру және қатты
             дала өсімдіктерімен қоректенуге бейімделуі қазір-
             гі заманғы жылқының қалыптасуына алып келген.
             Эволюция лық даму барысында жылқылардың қандай
             жаңа белгілері қалыптасқанын атап шық.



                                                                                             Жылқы эволюциясы
             Табиғи сұрыпталу

                Эволюцияның маңызды факторларының бірі – табиғи сұрыпталу болып табылады.
             Ол – белгілі бір ортада пайдалы тұқымқуалаушылық өзгерістермен қамтамасыз етілген,
             тірі қалуға бейімделген және өздерінен кейін ұрпақ қалдыра алатын дараларға тән үдеріс.
                Эволюцияның қарапайым бірлігі популяция болып табылады. Популяция – бір тіршілік
             кеңістігін мекен етіп, бір-бірімен еркін будандасатын бір түр дараларының жиынтығы. По-



             116
   111   112   113   114   115   116   117   118   119   120   121