Page 121 -
P. 121
2-тапсырма Қант қызылшасының іріктемелеріне сұрыптау бастаған кезде, олардың құрамында көмірсу-
лардың 5%-ы ғана болған, нәтижесінде мөлшері 22%-ға дейін артты. Бастапқыда жабайы тауық жылына 5–10
жұмыртқа салатын, бүгінгі күні бұл көрсеткіш жылына 300-ге жуық жұмыртқаны құрайды. Қолдан сұрыптаудың
оң және теріс тараптарын сыныптастарыңмен талқыла.
textbooks nis edu kz
3-тапсырма Қоршаған орта жағдайларының өзгеруіне түрлі қолтұқымдар әртүрлі әрекет ететіні анықтал-
ды. Түрлі қосымша дереккөздермен жұмыс істей отырып, тамақтандыруды жақсартудың мүйізді ірі қара
қолтұқымдарының етті және сүтті болуына қалай әсер ететінін айт.
Зерттеу
Алманың кем дегенде үш іріктемесін таңда және қосымша ақпараттарды пайдаланып, салыстырма-
лы талдау жаса. Нәтижелерін кесте түрінде рәсімде. Зерттеуге алынған іріктемелер туралы қорытынды жаса.
✓ Қандай қасиеттері (белгілері) ұқсас?
✓ Ең үлкен айырмашылық неде?
✓ Қолдан сұрыптау нәтижесінде қандай қасиеттер (белгілер) таңдалды және бекітілді?
✓ Әр іріктеменің негізгі шаруашылық маңызы неде?
Іріктеме 1-іріктеменің 2-іріктеменің 3-іріктеменің
Жемістердің атауы атауы атауы
белгілері мен қасиеттері
Сыртқы түрі
Дәмдік қасиеттері
Орташа салмағы
Пісіп жетілу уақыты
Пайдалы заттардың (атап жазу керек)
мөлшері
Сақталғыштығы (сақтау мерзімі)
Өнімділігі
Ауруға қарсы тұру қабілеті
Өзіңді тексер
1. Сұрыптаудың негізгі міндеттерін ата.
2. Сұрыптау түрі мен оның белгілерін сәйкестендір.
Сұрыптау түрі Белгілер
A. Түрлердің алуантүрлілігі
1. Табиғи
сұрыптау Ә. Жануар қолтұқымдары мен өсімдік іріктемелерінің алуантүрлілігі
Б. Адамға қажетті тұқым қуалайтын өзгерістері бар ағзаларды алуға көмектеседі
2. Қолдан В. Жаңа түрлердің пайда болуына және қоршаған ортаға бейімделушілікке әкеледі
сұрыптау
Г. Миллиондаған жылдар бойы табиғатта әрекет етеді
Ғ. Өсімдік және мал шаруашылығының дамуымен байланысты пайда болды
3. Неліктен жергілікті жерден шыққан материал сұрыптау жұмыстары үшін өте маңызды?
Күрделілігі жоғары тапсырма Жаңа қолтұқым немесе іріктемелерді шығару үдерісін модельде. Бұл
үдерістің сызбасын құрастыр.
121

