Page 119 -
P. 119

А
          Үзік және үздіксіз өзгергіштік

             Қандай да бір белгінің, айталық, адам бойының өзгер-
          гіштігін зерттеу үшін, сол зерттелетін популяция индивиду-              Даралар саны
          умының  үлкен санының осы белгілерін өлшеу керек. Өлшеу
                  textbooks nis edu kz
          нәтижесі популяциядағы осы белгінің түрлі нұсқаларының
          жиілігінің орналасуын көрсететін гистограмма түрінде ұсы-                   Ағзаның белгісі
          нылады.                                                                     Үзік өзгергіштік
             Өзгеру сипаты бойынша өзгергіштікті мынадай түрлерге                Ә
          ажыратады:
             •  үзік (сапалық) өзгергіштіктің арасында өтпелі нұсқалары
          жоқ айқын ажыратылатын формалары болады. Оның бағытын
          болжау мүмкін емес. Ол генетикалық ақпараттың өзгеруімен               Даралар саны
          байланысты және кездейсоқ пайда болады. Мысалы, ағзаның
          сапалық белгілері: жануар терісінің түсі, адам көзінің түсі, жа-
          нуарлардың жынысы;
             •  үздіксіз (сандық) өзгергіштік сандық белгілердің өз-                    Ағзаның белгісі
          геруімен байланысты болады және белгілер минималдыдан                     Үздіксіз өзгергіштік
          максимал көрініске өту жолында үздіксіз қатардың болуын
          талап етеді. Оның бағытын болжауға болады. Мысалы, массасы
          (салмағы), ағзаның мөлшері немесе түсті ажыратпау (дальто-
          низм), терінің түсі, адамның қан қысымының ауытқуы.
          3-тапсырма     Сыныптастарыңның бас бармағының ұзындығын өлше
          (А). Алынған деректерді өрнектейтін қисық сызықты сыз.
          Бас бармағының жоғарғы бөлігі артқа майыса алатын/алмайтын сынып-
          тастарыңды санап шық (Ә). Алынған деректерді диаграмма түрінде бей-
          неле. Бақылаулардың қайсысын үзік, ал қайсысын үздіксіз өзгергіштікке        А              Ә
          жатқызуға болады? Өз жауабыңды дәлелде.


           Өзіңді тексер
           1.  Мысалдардың қайсысы үзік өзгергіштікке жататынын анықта. Өзгергіштіктің берілген түрлеріне басқа
               да мысалдар келтір.









                                                                                80
           2.  Жер шары халықтары арасында қан топтарының таралуы көрсе-
                                                                                70
               тілген графиктен осы белгінің өзгергіштіктің қай түріне жататынын
                                                                                60
               болжа. Өз жауабыңды дәлелде.
                                                                                50
                                                                                40
          Күрделілігі жоғары тапсырма    Өз сыныптастарыңның өмір салты мен     30
          тамақтану жағдайы ұқсас деп ұйғарайық. Бұл белгілі бір уақыт өткеннен   Адам саны, %  20
                                                                                10
          кейін сыныптастарыңның салмақтары мен бойлары бірдей болады де-        0
          генді білдіре ме? Өз жауабыңды түсіндір.                                  1-топ  2-топ  3-топ  4-топ


                                                                                                        119
   114   115   116   117   118   119   120   121   122   123   124