Page 118 -
P. 118

10.2   Өзгергіштік және оның түрлері



            Өзгергіштік – барлық тірі ағзалардың қасиеті
                                                                                  Ұлулардың  әртүрлі  дара-
                  textbooks nis edu kz
                Барлық тірі ағзалардың, тіпті бір түрге жататын даралардың        лары     бақалшақтарының
            ұқсас сипаттамалары бар, бірақ олар сирек жағдайда толығымен          түстері  бойынша  айқын
            ұқсас болады. Олардың арасындағы айырмашылық өзгергіштік-             ажыратылады.  Алайда,  бұл
                                                                                  олардың  бірден-бір  айыр-
            ке байланысты. Өзгергіштік – тірі ағзалардың эволюция бары-           машылығы емес.
            сында жаңа белгілер мен қасиеттерге ие болу қасиеті.                  Сен  басқа  да  қандай  айыр-
                Эволюция барысында тірі ағзалар пайдалы өзгерістерді              машылық  белгілерін  таба
            жинақтап, ал зияндыларын жою арқылы жетіледі. Осының                  аласың?  Бұның  қандай  био-
            нәтижесінде мекен ету жағдайларына ең жақсы бейімделген               логиялық маңызы бар екенін
                                                                                  болжа.
            ағзалар тірі қалып, артынан ұрпағын қалдырады. Бұл шарт
            осы түрдің ұзақ уақыт бойы тірі қалуын қамтамасыз етеді.
            Ағзалардың өзгергіштігі – эволюцияның маңызды факторы.

            Өзгергіштік түрлері

                Өзгергіштіктің екі түрін ажыратады:
                • тұқым қуалайтын (генотиптік) өзгергіштік генетикалық
            материалдың өзгеруімен байланысты, ол генетикалық түр
            алуандыққа әкеледі;                                                   Тірек сөздер
                • тұқым қуаламайтын (модификациялық) өзгергіштік                  Тұқым қуалайтын/тұқым қуала-
            – генетикалық материалға әсер етпейді және келесі ұр-                 майтын өзгергіштік, үзік/үздіксіз
            пақтарға берілмейді. Ол сыртқы жағдайлардың әсерінен                  өзгергіштік.
            пайда болады және қоршаған ортаның өзгерістеріне бей-
            імделуге көмектеседі.

             1-тапсырма       Әртүрлі жағдайларда: жеке (А) және орманда (Ә) өсетін
            кәдімгі қарағайдың айырмашылықтарын тап. Осы өзгерістерді өзгер-
            гіштіктің қай түріне жатқызуға болады? Өз жауабыңды дәлелде.

                Әрбір адамның бойында өзіне тән белгілердің бірегей
            жиынтығы болады, мысалы: аяқ өлшемі, бойы, дененің
            салмағы, терінің түсі. Кейде бір ата-ананың балалары да
            бір-бірінен қатты ерекшеленеді. Үш апалы-сіңлілердің біре-               А               Ә
            уінің көзі көк, екіншісінің шашы қоңыр түсті, ал үшіншісінің
            мұрнының ұшы дөңгелене біткенін байқауға болады. Бұл
            белгілер тұқым қуалайды және ата-анасынан берілген ге-
            нетикалық ақпаратпен анықталады. Ал басқа белгілер, мы-
            салы, сөйлеу акценті, тыртықтар немесе шаштың ұзындығы
            қоршаған ортаның сыртқы факторларымен анықталады.

             2-тапсырма    Селекционер селекция арқылы қойдың жаңа тұқымын
            алғысы келеді. Бұл жұмысты жүргізуде қоршаған орта жағдайларының
            қандай талаптарын сақтауы тиіс?                                         Еділбай қойы қолтұқымы


             118
   113   114   115   116   117   118   119   120   121   122   123