Page 120 -
P. 120
10.3 Қолдан сұрыптау
Селекция дегеніміз не?
Қазіргі уақытта иттердің
Селекция – жануарлардың қолтұқымдарын, өсімдіктердің шамамен 400-ге жуық
textbooks nis edu kz
іріктемелерін, микроағзалардың штамдарын шығару қолтұқымдары белгілі,
әдістері туралы ғылым. Бұдан басқа, бұл ғылым қазіргі бар ал мысық қолтұқымдары
әлдеқайда аз болса да, екеуі
қолтұқымдарды, іріктемелер мен штамдарды және адамды де алғашқы үй жануарлары.
қызықтыратын қасиеттер, белгілер мен сапалары бар Бұл жануарлардың
дараларды іріктеу жолдарын жақсартуға бағытталған. қолтұқымдарының
Өсімдік іріктемелері – адам шығарған және белгілі бір санының айырмашылығын
тұқымқуалаушылық ерекшеліктерімен сипатталатын, бір қалай түсіндіруге болады?
түрдегі мәдени өсімдіктердің жиынтығы.
Қолтұқым – адам қызметінің әсерінен қалыптасқан, басқа
қолтұқымдардан өнімділіктің сипатты белгілерімен, дене
бітімі түрімен ерекшеленетін ортақ текті үй жануарларының
бір түрінің тобы.
Штамм – бөлініп алынған, содан кейін сәйкестендіріліп
сипатталған қасиеттері бірдей микроағзалардың таза Тірек сөздер
себіндісі.
Селекция, іріктеме, қолтұқым,
штамм, қолдан сұрыптау.
Селекция міндеттері
Селекцияның басты міндеті – ауруларға, құрғақшылыққа
және басқа да қолайсыз жағдайларға төзімді, жоғары сапалы,
мол өнімді іріктемелер мен будандарды шығару.
Қолдан сұрыптау – селекцияның негізгі әдісі
Селекцияның негізгі әдісі қолдан сұрыптау – адам үшін
аса пайдалы белгілері бар дараларды бөлу және сақтау
Қазақтың ақбас сиыры
мақсатында жүргізілетін іріктеу болып табылады. Мыңдаған
жылдар бойы адам ойланып жатпастан, бейсаналы түрде,
нәтижеге ұмтылмай-ақ қолдан сұрыптау жүргізіп келді. Ежелгі
диқаншылар жабайы дақылдардан егуге ең ірі тұқым жинады,
ал мал өсірушілер ең жақсы өнім берушілерді іріктеуге және
оларды өзара будандастыруға тырысты. Тек XVIII ғ. соңында
адамдар қолдан сұрыптауды жоспарлы, әдістемелік, яғни алдын
ала белгіленген бағытта жүргізе бастады. Адам жануарлар
қолтұқымдарының немесе өсімдіктер іріктемелерінің тек қана
Қазақтың арқар-мериносы
жақсы тұқымқуалаушылық ерекшеліктерін қалдырып, оларды
өз қажеттіліктеріне бейімдей отырып, үнемі өзгертеді.
1-тапсырма Қолдан сұрыптау қай бағытта жүргізілгенін анықта. Фотосуреттердегі жануарлардың адам үшін
қандай пайдалы белгілері бар? Қазақстандық селекционер-ғалымдардың өсімдіктердің жаңа іріктемелері
мен ауылшаруашылық жануарларының қолтұқымдарын алуға қосқан үлесін бағала.
120

