Page 128 -
P. 128

11.1   Су және құрлық экожүйелері



                Сен экожүйенің ашық жүйе екенін білесің. Оның ба-
            сты ерекшелігі – құрамдас бөліктері арасындағы энергия                Әуесқой бағбан Дэвид Ла-
                  textbooks nis edu kz
                                                                                  тимер осы бөтелкені 1972
            мен абиотикалық және биотикалық заттың үздіксіз ағыны.                жылы тығындап жауып,
            Сонымен бірге экожүйеде негізгі энергия көзі Күн сәулесі              содан бері бірде-бір рет
            болып табылады.                                                       ашпаған! Ол оның ішінде не
                                                                                  жасап қойды? Осы «ғажай-
                                                                                  ып бақ» неге осыншама ұзақ
                                         ЭКОЖҮЙЕ
                  Күн    Жарық                                 Биогенді           уақыт тіршілік етуде?
                        энергиясы         Биотикалық          элементтер
                                          құрамбөлік

                                     Жылу энергиясы


                                          Абиотикалық
                                           құрамбөлік

                                       Энергия ағыны
                                       Биогенді элементтердің айналымы

             1-тапсырма    Шөл, қылқанжапырақты орман, дала, көл және мұхит
            мысалдарын пайдаланып, экожүйенің жалпы құрылымын бейнелейтін
            сызбаны құруға қатыс.
            Оны мекендейтін негізгі өсімдіктер мен жануарлардың атауларын атап    Тірек сөздер
            жаз. Қоректік типі бойынша ол ағзаларды қандай топтарға бөле аласың?
                                                                                  Құрлық/су  экожүйесі,  абио-
            Оларға қандай абиотикалық факторлар әсер етеді?
                                                                                  тикалық  факторлар,  проду-
                                                                                  центтер,    консументтер,
            Құрлық экожүйелері                                                    редуцен ттер, фитопланктон.

                Негізгі құрлық экожүйелері орман (тропиктік, қылқан-
            жапырақты ормандарға), шөп (тундра, дала, шалғынды) және
            шөлдерге бөлінеді.
                Жалпақжапырақты ормандар табиғи құрлық экожүйесінің
            үлгісі болып табылады. Оған әсер ететін негізгі абиотикалық
            факторлар – жарық, температура және жауын-шашынның
            мөлшері.
                Құрлық экожүйелерінің продуценттері өсімдіктер болып
            табылатынын білесің. Олар жікқабаттар (ярус) бойынша ор-
            наласқан: үстіңгі қабатта жарықcүйгіш ағаштар, төменірек
            қабатта жарықты аз қажет ететін ағаштар мен бұталар өседі.
            Орманның төменгі қабатын құрайтын көлеңкесүйгіш шөп-
            тесін өсімдіктер топырақтың бетінде өседі.
                Консументтерден сүтқоректілер, құстар, жорғалаушы-              Жалпақжапырақты орман
            лар, түрлі омыртқасыздар, мысалы, буынаяқтылар бар.                 экожүйесі
                Құрттар, бактериялар мен саңырауқұлақтар редуцент-
            тердің рөлін атқарады.



             128
   123   124   125   126   127   128   129   130   131   132   133