Page 133 -
P. 133
Популяция тығыздығы – бұл белгілі бір аумаққа шаққандағы даралардың саны. Тығыз-
дықтың артуы популяцияның дамуын бәсеңдетеді, себебі оны тежеуші факторлар пайда
болады. Мысалы, жануарларға қорек, баспана жетіспейді, ал өсімдіктер бір-бірін көлең-
келеп кедергі жасайды немесе оларға ылғалдылық жетіспеуі мүмкін.
Миграция – жаңа мекендеу орындарына популяция дараларының қоныс аударуы.
textbooks nis edu kz
Осылайша, популяция саны мен популяциядағы даралардың тығыздығы реттеледі. Мысалы,
көбею мекенінен шегірткелердің үйір-үйір болып ұшып кетуі. Бұл мекен ету ортасының
кеңеюіне, популяциялар дараларының алмасуына әкеледі және бәсекелестікті болдырмауға
көмектеседі, осылайша тіршілік ету мүмкіндігі артады.
2-тапсырма Біте – мәдени өсімдіктердің жәндік зиянкесі, жас өркендердің
шырынымен қоректенеді. Жазда партеногенез арқылы қанатсыз аналықтардың
бірнеше ұрпағы ауысады. Ал, күзге қарай қанатты және әртүрлі жынысты ұрпағы
пайда болады. Бұл фактінің биологиялық маңызы қандай екені туралы ойланып
жауап бер.
Жас құрамы – популяциядағы әртүрлі жастағы даралардың арақатынасы. Оның зертте-
луі популяцияның мүмкін болатын болашағын көрсетеді. Мысалы, ұрпақ беретін, жыныстық
жағынан жетілген даралардың саны басым болатын популяция ең тұрақты болып саналады.
3-тапсырма Әртүрлі популяциялардың жас құрамын көрсететін Жасы
диаграммаларды мұқият қара. Қысқа уақыт аралығында популяциялар-
дың қайсысында даралардың саны күрт артады? Жақын арада қандай
популяция жойылып кету мәселесіне тап болады және қайсысы тұрақты
болады? Өз жауабыңды дәлелде.
Жыныстық құрамы – бұл популяциядағы аталықтар
Даралар саны (%)
мен аналықтардың сандық қатынасы. Туылған кезінде екі
жыныстың қатынасы шамамен тең болады. Алайда, бұл арақатынас тез арада физио-
логиялық және мінез-құлықтың ерекшеліктері нәтижесінде өзгереді, бұл біркелкі емес
өлім көрсеткішіне әкеледі. Осылайша, пингвиндердің популяциясында аталықтардың, ал
шымшықтарда аналықтардың саны көбірек болады.
Өзіңді тексер
1. Қандай экологиялық (абиотикалық және биотикалық)
факторлар популяция даралары санының ауытқуына Популяция саны
әкелуі мүмкін?
2. Үлкен сұр шымшықтың саны оның негізгі қорегі –
бунақденелілер санына тәуелді екенін көрсететін
графикті мұқият қара. Графиктегі қай қисық сызық
сұр шымшықтың санын көрсетеді? Ал жәндіктер
санын ше? Осы өзгерістердің себептерін болжа. Уақыт
Күрделілігі жоғары тапсырма Британдық эколог Чарльз Сазерленд Элтон «экологиялық шабуыл» терминін
енгізді. Адамның табиғатты есепсіз пайдалануы нәтижесінің ауыл шаруашылығы зиянкестерінің санына әсер
етуі жөнінде хабарлама немесе таныстырылым дайында. Неліктен популяция санының өзгеруі туралы білім
пайдалы болмақ?
133

