Page 129 -
P. 129
Су экожүйелері
Су экожүйелерінің ауданы құрлық экожүйе-
леріне қарағанда әлдеқайда үлкен. Тірі ағзалар-
дың тіршілік ету ортасы да әртүрлі. Маңызды
textbooks nis edu kz
абиотикалық факторлар жарық мөлшері, қысым,
тығыздық, оттек құрамы, температура және судың
мөлдірлігі болып табылады.
Су экожүйелерін тұздылығына байланысты
тұщы және теңіз суына бөледі. Теңіз суы экожүйе-
Су тоғанының экожүйесі
леріне мұхиттар, теңіздер, тұзды көлдер, ал тұщы су
экожүйелеріне өзендер, көлдер, батпақтар, тоған-
дар жатады. Теңіз экожүйелері басым болып келеді.
Су экожүйелерінің негізгі продуценттері – фи-
топланктон (микроскопиялық балдырлар және
цианобактериялар), алуан түрлі су өсімдіктері.
Әртүрлі балық түрлері, қосмекенділер, құстар
және бунақденелілер консументтер болып та- Планктон - ұсақ су өсімдіктері мен жәндіктер
былады. дүниесі
Су түбіндегі бактериялар редуценттер рөлін атқарады: олар өлі органикалық заттарды
ыдыратып, кейін қолдануға ыңғайлы бейорганикалық қарапайым түріне айналдырады.
2-тапсырма Берілген суреттерді пайдаланып, екі: құрлық және су экожүйесін салыстыр. Олардағы
негізгі абиотикалық факторларды атап шық. Әрбір экожүйенің кем дегенде бір қоректік тізбегін құрастыр.
Продуценттер, консументтер және редуценттер рөлін қандай ағзалар атқарады? Әрбір қоректік тізбек қанша
буыннан тұрады? Нәтижені таныстырылым, плакат немесе кесте түрінде көрсет.
Өзіңді тексер
1. Кестені дәптеріңе сызып алып, жетіспейтін бөліктерін толтыр.
Белгі Құрлық экожүйелері Су экожүйелері
Тіршілік ортасы Құрлық-ауа, топырақ, ағза
Негізгі абиотикалық
факторлар
Қоректік тізбектің ұзындығы 3-4 (сирек 5 буыннан) 4-6 (сирек 7 буыннан)
Балдырлар, фотосинтездеуші
Негізгі продуценттер
бактериялар
Негізгі консументтер
Негізгі редуценттер Құрттар, бактериялар, саңырауқұлақтар
2. Неліктен құрлық экожүйесіне қарағанда су экожүйесі қоректік тізбегінің буыны көп болатынын ой-
ланып көр.
Күрделілігі жоғары тапсырма Маса дернәсілі ағынсыз суқоймаларда тіршілік етеді және көптеген су ағза-
лары үшін қорек болып табылады. Ұсынылған ағзалардан қоректік тізбек құрастыр: маса дернәсілі, адам, бақа,
сүңгуір қоңыз, бактериялар, шортан. Маса дернәсілдері және ересек жәндіктерімен күресу үшін оларға улы
химикаттар қолданылса, бұл олармен қоректенетін жануарларға қалай әсер етуі мүмкін? Қорытындыңды дәлелде.
129

