Page 131 -
P. 131
өлі бөліктері көлдің түбіне шөгіп, оттектің жет-
кіліксіздігінен шіріп, шымтезекке айналады. Осы-
лайша көл батпаққа айналады. Кейін орындарын
орманды өсімдіктер басатын мүктер мен бұталар
пайда болады.
textbooks nis edu kz
Өсімдіктер мен жануарлардың бірде-бір түрі
сукцессия бойы тіршілік ете алмайды. Бір-бірімен
бәсекеге түсетін жаңа түрлер пайда болып, олар
өзгеріп отыратын тіршілік ортасы жағдайларына
бейімделу қабілеті төмен түрлерді ығыстырып Орманның өрттен Арал теңізінің
отырады. кейін қайта өсуі деградациясы
1-тапсырма Фотосуреттерге қара. Бұл жағдайда сукцессияға не себеп болғанын ойлан. Тірі ағзалардың
тіршілік етуінің абиотикалық шарттары қалай өзгерді? Экожүйе өзінің дамуында қандай кезеңдерден өтті
және оны не алмастырды? Өзің тұратын аймақтағы экожүйелер алмасуының мысалдарын байқадың ба?
Экожүйелер алмасуының себептері
Экожүйе құрамбөліктері: тірі ағзалар мен олардың тіршілік
ортасы арасында туындайтын күрделі байланыстардың
әсерінен тіршілік етеді. Оларды күн энергиясының түсуі мен
заттардың жалпы айналымы біріктіреді. Мұндай экожүйе
сыртқы әрекет оны тепе-теңдік күйінен шығарғанша, ай- Өсімдіктер түрлерінің саны
тарлықтай ұзақ уақыт бойы тіршілік етуі мүмкін. Дегенмен, қой бағу
қазіргі уақытта көптеген сукцессиялар антропогенді болып сиыр бағу
жылқы бағу
табылады, себебі олар табиғи экожүйеге адам әсерінің нәти-
жесінде пайда болған. Бұлар: мал жаю, орманды отау, өрт,
жер жырту, топырақтарға су жаю, шөлейттену. Қоныстан қашықтық
2-тапсырма Мал жаю әсерінен дала өсімдік түрлері санының өзгеру графигін талда. Осы көрсеткіштер
мал жайылымына байланысты ма? Сукцессияның түрін анықта. Оның кезеңдерін сипатта және олардың
экожүйеге салдарын болжа.
Өзіңді тексер
1. Сукцессия деп нені атаймыз? Бірінші реттік және екінші реттік сукцессия кезеңдерін атап шық.
2. Қандай бірлестіктер пионер ағзалар болып, ал қандайлары жетілген бірлестіктер болып аталады?
3. Экожүйелер алмасуының қандай себептерін білесің? Адамның шаруашылық іс-әрекетінің әсерінен
экожүйелердің сукцессиялары орын алған мысалдарды келтір.
4. Адам жасанды экожүйелер: бақшаны, бау-бақшаны, егістікті өсіреді. Жер өңдеуді тоқтатса, егістікке
және мәдени өсімдіктерге не болады?
Күрделілігі жоғары тапсырма 1. Экожүйелер өз тіршілігін мәңгі жалғастыра алмайды. Ерте ме, кеш пе,
олардың алмасуы орын алады. Көмір түзілуінің мысалында әртүрлі дәуірдегі Жердегі тіршілік эволюциясы
үдерісі барысында экожүйелердің дамуын бақыла. Неліктен олардың түзілуі миллиондаған жылдар бұрын
тоқтатылды? Бұл саңырауқұлақтармен қалай байланысты? 2. Жаһандық жылыну – бұл әртүрлі себептерге
байланысты Жер атмосферасының және Дүниежүзілік мұхиттың орташа жылдық температурасының жоға-
рылау үдерісі. Ол өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің көрінісін қалай өзгертуі мүмкін? Қазіргі ғалымдар бұл
сұраққа бір мәнді жауап бере алмайды. Жағдай тағы қандай оқиғалар ағымымен өрбуі мүмкін екендігін болжа.
131

