Page 134 -
P. 134

11.4   Ағзалардың тіршілікке қабілеттілігінің

            экологиялық стратегиялары


            Ағзалардың қоршаған орта жағдайларына                                 Бетпақдала  –  Қазақстан-
                  textbooks nis edu kz
            бейімделуі                                                            дағы  үлкен  және  елсіз  шөл.

                                                                                  Онда  жауын-шашын  ең  аз
                Тірі ағзалардың бейімделушілігі тіршілік ортасына байла-          мөлшерде  түседі.  Жазда
            нысты. Нақты тіршілік ету жағдайларына жақсы бейімделген              күннің  астында  ауа  тем-
            ағзалардың тірі қалу және артына толыққанды ұрпақ қалды-              пературасы  55 С-қа  дейін
                                                                                                  0
            рып кету мүмкіндігі мол. Алайда бұрын айтылғандай, кез кел-           жетеді.  Бір  қарағанда  ол
            ген бейімделушілік бірнеше ұрпақ бойы жалғасады. Сонымен              тіршілік  иелері  жоқ  аймақ
            қатар тірі ағзалардың тропиктік ормандар, тіршіліксіз шөлдер          болып көрінеді. Расымен со-
            немесе мұхиттар сияқты түрлі мекендеу орындарында аман                лай ма? Бұл аймақты мекен
                                                                                  етуші  ағзалар  тіршіліктің
            қалуына мүмкіндік беретін тұқым қуалайтын белгілері мен               мұндай төтенше жағдайла-
            сипаттамаларының пайда болуынан көрінеді.                             рына қалай бейімделген?
             1-тапсырма     Сұрқарлығаш пен тоқылдақ – бунақденелілермен қорек-
            тенетін құстар. Дегенмен, сұрқарлығаштың аузы үлкен және тұмсығы
            кішкентай болып келеді, ал тоқылдақтың тұмсығы берік және тілі ұзын,
            жабысқақ болады. Бұл немен байланысты екенін ойланып көр. Осындай
            бейімдеушіліктерге ие ағзаларға мысалдар келтір.



                                                                                  Тірек сөздер

                                                                                  Бейімделушілік, тіршілікке қа-
                                                                                  білеттілік стратегиялары, r/К -
                                                                                  тіршілікке қабілеттілік страте-
                           Үлкен ала тоқылдақ       Қара сұрқарлығаш              гиялары.
             2-тапсырма     Ханқызы жыртқыштардан қауіп төнгенде, улы сарғыш
            сұйықтық бөліп шығарады. Улы сұйықтықтың ашық түсті болуы қауіпті
            екенін байқатады. Құс осы түсті есіне сақтап, келесіде оған шабуыл жа-
            самайды. Жыртқыштарға жем болмауға мүмкіндік беретін жануарлар
            бейімделушіліктерінің мысалдарын келтір.
             3-тапсырма    Өсімдіктердің де бейімделушіліктері болады. Мысалы,
            жантақтың тамыр жүйесі топырақта 15 метр тереңдікке дейін созылады,
                                                                                            Ханқызы
            ал кактустың тармақталған тамырлары шамамен 15 см тереңдікке енеді
            де, топырақтың үстіңгі бетінде орналасады. Мұндай бейімделушілік-
            тердің неден туындайтынын ойланып көр. Өсімдіктердің тіршілік жағдай-
            ларына бейімделуіне тағы да мысалдар келтір.
            Ағзалардың тіршілікке қабілеттілігінің

            экологиялық стратегиялары
                Тіршілікке қабілеттілікті арттыруға және ұрпақ қалдыруға
            бағытталған популяциялар қабілетінің кешені ағзалардың
            тіршілікке қабілеттілігінің экологиялық стратегиялары                                     Эхинопсис
            деп аталады. Экологиялық стратегиялардың екі типі бар:                    Жантақ          кактусы


             134
   129   130   131   132   133   134   135   136   137   138   139