Page 108 -
P. 108
textbooks nis edu kz
Демографиялық көрсеткіштерді карта арқылы да жіктеуге болады. Картаның
шартты белгісін оқи отырып, мемлекеттердің демографиялық көрсеткіштерін
анықтай аласың.
? 1. Туу мен өлімді көрсететін демографиялық көрсеткіш картасы берілген. Бұл картадан
нақты қандай ақпарат алуға болады?
2. Қазақстанның демографиялық көрсеткішін карта арқылы сипатта.
3. Берілген карталарды пайдаланып, туу мен өлім көрсеткіштері жоғары елдерді ата.
Сенің кезегің
1. Демографиялық көрсеткіштерді жіктеу түрлерін ата.
2. Сенің ойыңша, демографиялық көрсеткіштерді жіктеуде арнайы шкаланың рөлі басым ба, әлде кар-
таның рөлі ме? Жауабыңды дәлелде.
108

