Page 109 -
P. 109
textbooks nis edu kz
4.6 Дүниежүзіндегі демографиялық проблемалар
Демографиялық проблема – халық санының өсуіне не-
месе кемуіне байланысты туындаған мәселелер. Сен:
✔ демографиялық
? 1. 1-суретке тақырып ұсынып көр. проблемаларды
2. Дүниежүзінде халық саны артса қандай мәселелер туындауы мүм- анықтауды;
кін? ✔ «демографиялық саясат»
3. Белгілі бір мемлекетте халық саны артса қандай мәселелер туын- ұғымын түсіндіріп,
дайды? демографиялық саясаттың
өзіндік үлгісін ұсынуды
Бұл проблеманы шешу үшін демографиялық саясат жүр- білетін боласың.
гізіледі.
Демографиялық саясат – халық санын мемлекет тарапынан басқару. Ха-
лық саны кез келген елдің дамуының аса маңызды факторы екенін өткен са-
бақтарда қарастырдық. Сондықтан мемлекет халықтың санын өз бақылауында
ұстайды. Мемлекеттегі билік халық санының өсуіне жағдай тудырады немесе
оны қандай да бір жолдармен шектейді, немесе бұл мәселеге нақты араласпай,
оның табиғи жолмен реттелуін бақылайды. Демографиялық саясат жүргізу
үшін, жүйелі түрде халық санағы жүргізіліп отырады. Демографиялық саясат
шеңберінде халық құрамы мен құрылымы, өсуі мен өлімі, оның жұмысбасты-
лығы, көші-қон мәселелері шешіледі. Демографиялық саясат жүргізу дамыған
және дамушы елдерге бірдей өзекті әрі маңызды болып табылады. Көптеген
дамушы, әсіресе, халық саны көп елдерде қазіргі
адамдардың өмір сүру деңгейі одан әрі құлды-
рап кетпеуі үшін адамның табиғи өсімін шектеуі,
ал дамыған елдерде керісінше, бала тууға ынта-
ландыру шаралары жүзеге асырылады.
Еуропаның дамыған елдерінде «демография-
лық дағдарыс» орын алған. Бұл мемлекеттерде
халық санының кемуі байқалады. Халықтың
табиғи өсуін арттыруға бағытталған демогра-
фиялық саясатта – халықтың өмір сүру деңгейін
көтеру, жас отбасына жеңілдіктер жасау, қар-
жылай көмек және т.б. іс-шаралар жүзеге асы-
рылады. Батыс Еуропа елдерінде белсенді де-
мографиялық саясат, әсіресе, Франция, Швеция,
Германия, Скандинавия елдерінде жүргізіледі.
? 1. Неліктен бұл дамыған мемлекеттерде демография-
лық дағдарыс орын алған?
2. Дамыған мемлекеттер халқының санын арттыру
үшін тағы қандай шаралар қолдануда?
109

