Page 113 -
P. 113

textbooks nis edu kz
           5   Экономикалық география



          5.1.1 Табиғи ресурстар



             Табиғи ресурстар шығу тегі бойынша литосфера (пайдалы
          қазбалар, жер, топырақ), гидросфера (құрлық сулары, мұз-              Бұл тарауда:
          дықтар, Дүниежүзілік мұхит, теңіздің толысу және қайту күші,          ✔	 табиғи ресурстарды
          өзендер энергиясы), атмосфера (климаттық, рекреациялық,                 экономикалық
          бальнеологиялық, жел энергиясы), биосфера ресурстары                    және экологиялық
                                                                                  тұрғыдан бағалауды;
          (өсімдіктер мен жануарлар дүниесі) болып жіктеледі. Ша-               ✔	 жекелеген дүниежүзі
          руашылықты дамытып, экономиканы өркендету үшін тек ре-                  аймақтарының
          сурстардың болғаны жеткіліксіз. Табиғи ресурстарды өндіріп,             табиғи-ресурстық
          өңдеу үшін инфрақұрылым салаларының маңызы жоғары.                      әлеуетін бағалауды;
                                                                                ✔	 жекелеген табиғи
             АҚШ-тың Юта штатында алтын кен орындары бар. Бұл
                                                                                  ресурстарды өңдеу
          жерде өсетін секвойя ағаштарынан бағалы ағаш сүрегі алы-                технологиясын
          нады. Жиі дамыған өзен жүйелері шаруашылықтағы басты                    сипаттауды, орталықтары
          су көзі болып табылады.                                                 мен дайын өнім
                                                                                  түрлерін атауды
          ?   1. Табиғи ресурстар дегеніміз не?                                   үйренетін боласың.
             2. Бізге табиғи ресурстар не үшін керек?
             3. 1-суретте қандай табиғи ресурс түрлері көрсетілген? Oларды өн-
             дірудің қоршаған ортаға тигізетін әсерін бағала.
                                                                                   Қазақ жері  пайдалы кенге
                                                                               бай. Тас көмір, қоңыр көмір,
                                                                               жанғыш  тақтатастың  шама-
                                                                               мен 10 бассейні, 155 кені, 102
                                                                               жерде  белгілері  бар.  Жалпы
                                                                               көмір қоры 176 млрд тонна-
                                                                               ға жуық, оның ішінде 15 млрд
                                                                               тоннадан астамы кокс беретін
                                                                               көмір. Ең ірілері: Қарағанды,
                                                                               Екібастұз, Обаған, Жыланшық,
                                                                               Теңіз-Қорғалжын, Шу, Көлжай,
                                                                               Жайық-Жем бассейндері.
                                                                                   Еліміз түсті, асыл және си-
                                                                               рек кездесетін металдарға да
                            1-сурет. Табиғи ресурс түрлері
                                                                               бай. Олардың ішінде түсті ме-
                                                                               талдан: боксит, никель, кобальт,
                                                                               мыс, қорғасын, мырыш (соңғы
                                                                               екеуі  полиметалға  жатады);
                                                                               асыл  металдан:  алтын,  күміс;
                                                                               сирек  кездесетін  металдан:
                                                                               қалайы, вольфрам, молибден,
                                                                               тантал, ниобий, цирконий, вис-
                                                                               мут,  сурьма,  сынап,  мышьяк,
                                                                               кадмий, галий, индий, рений,
                                                                               талий, селен, теллур т.б. бар.
                                       2-сурет


                                                                                                        113
   108   109   110   111   112   113   114   115   116   117   118