Page 114 -
P. 114
textbooks nis edu kz
Инфрақұрылым ішінде
Құбыр көлігі
басты назар көлікке бөліне- Темір жол көлігі
ді. Бүгінгі таңда көлік жүйесі
құрлық, теңіз және әуе көлі-
гі түрлерінен құралып, ортақ
көлік жүйесін құрайды.
Көлік – жүктер мен жо-
лаушыларды тасуды жүзеге
асыратын материалдық өн-
діріс саласы. Көлік тауарлар
немесе адамдардың геог-
рафиялық жағдайларын өз- Су көлігі
герту адамдардың тұтыну
қажеттіліктерін қанағаттан- Автомобиль көлігі
дыру деңгейімен байланыс-
Әуе көлігі
ты экономикалық әрекеттің
бір бөлігі болып саналады.
3-сурет. Көлік түрлері
Ол шикізатты жеңіл өңдейтін
жерге немесе дайын өнімдерді тұтынушылар дұрыс қолдана алатын пункттерге жеткізеді.
Яғни, көлік табиғи, жасанды және еңбек қорларын аз пайда түсіретін жерден пайдасы
толық тиетін жерге тасыған пайдалы кеңістік құрайды. Сондықтан көлікті тауарлар мен
адамдарды тасу арқылы адамзат қажеттілігін қанағаттандыру деңгейін өсіретін құрал ре-
тінде анықтауға болады.
Тапсырма 1-суреттегі ауыз су, алтын және үй құрылысына қажетті кесілген ағашты 2-суреттегі картада
берілген А нүктесінен Z нүктесіне тасымалдау үшін көліктің қай түрін таңдаған дұрыс? Ол үшін 3-суретте
бейнеленген көлік түрлерін таңдап ал. Өз жауабыңды дәлелдермен айғақта.
Сен білесің бе?
• АҚШ-тың автомобиль көлігі жолдары әлемдегі ең ұзын көлік жолы болып табылады. 2011 жылғы
деректер бойынша елдегі автомобиль жолы 6,4 млн км-ді құрады.
• 1920 жылмен салыстырғанда АҚШ-тың темір жол ұзындығы 370 мың км-ден 227 мың км-ге қысқарса
да, темір жол ұзындығы бойынша АҚШ әлемде бірінші орында.
• Әуе көлігі бойынша АҚШ бірінші орында, елде 5200-ге жуық әуе торабы бар, сонымен қатар әлемдегі
10 ірі әуежайдың төртеуі АҚШ-та орналасқан.
• АҚШ-тың құбыр көлігінің ұзындығы шамамен 2 млн 225 мың км. Құбыр көлігі бойынша дүниежүзінде
екінші орында орналасқан Ресейдің құбыр көлігі небары 25 мың км-ді құрайды.
• АҚШ-тың теңіз көлігі 740 кемеден тұрады. Теңіз көлігі арқылы тасымалдауда АҚШ дүниежүзінде жүк
көлемі бойынша бірінші орында.
Сенің кезегің
1. «Инфрақұрылым» деген сөзді қалай түсінесің?
2. «Инфрақұрылым – табиғи ресурстар – экономика» деген тақырыпта сызба әзірле (олардың арасын-
дағы байланысты көрсет).
3. АҚШ-тың көлік жүйесін бағала.Табиғи ресурстарды игеруде көліктің маңызына талдау жаса.
4. «Өндіріс пен табиғи орта» деген тақырып бойынша ойыңды қорытындылап, екі артықшылығы мен
кемшілігін көрсет.
114

