Page 117 -
P. 117

textbooks nis edu kz
          көп жағдайда қолайлы болып есептеледі. Агроклиматтық
          ресурстардың қолайлы болуына байланысты Калифорнияны
          «АҚШ-тың көгөніс пен жеміс себеті» деп те атайды. Мысалы,
          апельсин өсіру бойынша Калифорния АҚШ-та бірінші орын-
          да. Алайда Калифорнияда ауыл шаруашылығына пайдала-
          натын жер аумағын арттыру мақсатында орман ағаштары
          кесіліп, жабайы табиғат орталықтары азаюда.


           Мен зерттеушімін
            ?   1. Ауыл шаруашылығын дамыту үшін орман ағаштарын кесу қандай проблемалар тудыруы мүмкін?



                                     Болашақта?





           2.   Суретте Калифорния штатының символы – сұр аю (гризли) штаттың туында бейнеленген. Сенің ойың-
               ша, болашақта Калифорния штатының туында не бейнеленуі мүмкін?


           Сенің кезегің
           1.   «Табиғи ресурстарды тиімді және тиімсіз пайдалану» дегенді қалай түсінесің?
           2.   Елдің экономикалық дамуында табиғи ресурстардың алатын орны қандай?
           3.   Өнеркәсіптің дамуы Калифорния экологиясына қандай қауіп төндіруі мүмкін?
           4.   Лас өнеркәсіпті болдырмау мақсатында баламалы энергетикаға көшудің рөлі қандай? Сенің ойыңша,
               ол барлық елдерге тиімді ме?
           5.   Табиғи ресурстарды мүлдем өндірмесе, экологиялық тепе-теңдік сақталады, алайда елдің экономи-
               калық дамуы тежеледі. Осы мәселені шешу үшін қандай ұсыныс айтар едің?

































                                                                                                        117
   112   113   114   115   116   117   118   119   120   121   122