Page 116 -
P. 116
textbooks nis edu kz
✔ қоршаған ортаның өзгеруінен өмір
сүруге қолайлы ортаның болмауы;
✔ өмір сүру сапасының төмендеуі, өндіріс
жағдайының материалдық төмендеуі.
? 1. Табиғи ресурстардың экономикалық құны дегеніміз не?
2. Мәтінде аталған елдердің табиғи ресурстарға бай болу себебін
түсіндір.
3. Табиғи ресурстарды өндіру барысында қандай экологиялық мә-
селелер туындауы мүмкін?
2-сурет
4. Баламалы энергетиканың болашағына болжам жаса (1-сурет).
5. Дәстүрлі энергиядан адамзат қашан бас тартуы мүмкін?
Бүгінгі күндері Калифорнияда шамамен 39,1 млн адам тұ-
рады (АҚШ бойынша бірінші орын). Аймақтағы қарқынды да-
мыған шаруашылық үшін өте көп мөлшерде энергия жұмсала-
ды. Калифорнияда климаттың қолайлы болуы мұнда отынды
көп жұмсамауға жақсы жағдай туғызса, ал жел энергиясы
мен күн энергиясы штаттың электр энергиясы өндірісінің
15%-ын құрап отыр. Калифорнияда орналасқан Мидуэй-
Сансет мұнай кәсіпшілігі АҚШ-та қуаты бойынша үшінші
орында. Ал Сакраменто және Сан-Хоакин өзендері бойында
бірнеше СЭС салынған. Олардың ішіндегі ең ірісі – Сакра-
3-сурет. Сакраменто
менто бойындағы Шаста СЭС-і. бойындағы Шаста СЭС-і
Тапсырма 1. Карталарды пайдаланып, Калифорния штатының климат-
тық белдеуін анықта.
2. Физикалық картаны пайдаланып, Калифорнияда қандай өзендер ағып
өтетінін көрсет. Олардың шаруашылық үшін маңызы қандай?
3. Калифорния штатында табиғи ресурстарды пайдалану экономикалық
және экологиялық тұрғыдан қандай деңгейде деп ойлайсың?
Өнеркәсіптен кейін екінші маңызды сала ауыл шаруа-
шылығы екенін білесің. Осы күндері Калифорния штаты-
ның ауыл шаруашылығы қарқынды дамуда. Әсіресе, егін
шаруашылығы ауданда өте жақсы жолға қойылған. Оған
инфрақұрылымның дамуы, сонымен қатар агроклиматтық
қорлардың қолайлы болуы әсер етуде.
? 1. Агроклиматтық қор дегеніміз не?
2. Агроклиматтық қорларға не жатады?
3. Агроклиматтық қорлардың ауыл шаруашылығындағы маңызы
қандай?
Табиғи ресурс ретінде климаттық ресурстар, ашық күндер 4-сурет. Калифорниядағы
саны, қолайлы температура және жауын-шашын мөлшері ауыл шаруашылығы
116

