Page 118 -
P. 118

textbooks nis edu kz
            5.1.3 Табиғи ресурстарды өңдеу технологиясы,

            орталықтары мен дайын өнім түрлерін сипаттау


                Негізгі ұғымдар
                Өндіріс – адамның өз өміріне қажетті материалдық жағ-             Сен:
            дайларды жасау мақсатымен табиғатты белсенді жаңғыр ту                ✔	 жекелеген табиғи
            үдерісі. Кез келген өнімді өндіру үшін төрт элемент қажет:               ресурстарды өңдеу
                – сол өнімді дайындайтын табиғи зат;                                 технологиясын
                – өнімді дайындау барысында пайдаланылатын еңбек құралы;             сипаттауды, орталықтары
                                                                                     мен дайын өнім түрлерін
                – адам еңбегі, оның мақсатты бағытталған қызметі;                    білетін боласың.
                – аталған үш элементті өндіріске қосатын ұйымдастырушы.
                Экономика тілінде өндіріс факторлары деп аталатын бұл
            төрт элемент тиісінше – жер, капитал, еңбек және кәсіпорын
            болып белгіленеді.                                                    Сен білесің бе?

                                                                                     Қазақстан  көмірсутек-
                                                                                  ті шикізаттың едәуір қорына
                                                                                  ие.  Елімізде  болжамды  мұ-
                                                                                  най қоры 13 млрд т, ал оның
                                                                                  жер астынан алынатын қоры
                                                                                  2,76 млрд т. Бұл жалпы дүниежү-
                                                                                  зілік қордың 1,92%-ын құрайды.
                                                                                  Қазақстан  дүниежүзінде  мұ-
                                                                                  найдың  барланған  қорынан
                                                                                  9-,  ал  болжамды  қорынан
                                                                                  12-орында.
                                                                                     Елімізде  алғашқы  мұнай
                                                                                  кәсіпшіліктері  1914  жылы
                                                                                  Доссорда  және  1915  жылы
                                1-сурет. Мұнайды өңдеу                            Мақатта  құрылды.  Мұнайды
                                                                                  осы  заманғы  әдіспен  өндіру
                Шикі мұнай – басты энергетикалық тауар. Алайда, шикі мұнай        1930 жылдары ғана жүргізіле
            өндірісте тікелей пайдаланылмайды. Қазіргі кезде мұнайды өң-          бастады. Атырау облысындағы
            деу арқылы 200-ге жуық тауар өндіріліп шығарылады. Дүниежү-           Ембі алабы 1960 жылдардың
            зінде 100-ден астам елде мұнай өңдеуші зауыттар шоғыр ланған.         ортасына  дейін  республика-
                                                                                  да бірден-бір мұнайлы аудан
            Ең ірі мұнай өңдеуші ел – Жапония (Ойлан! Жапония жерінде
            мұнай кен орындары мүлдем жоқ, алайда бұл ел қалай мұнай              болып келді. 1963 жылы Маң-
                                                                                  ғыстау түбегіндегі Өзен және
            өңдеу бойынша алғашқы елдер қатарына шығып отыр?)                     Жетібай мұнай кен орындары
                Мұнайдан алынатын ең басты өнім – бензин. Жалпы мұнай-            игеріле бастады.

            дың 50%-ы осы тауар үшін жұмсалса, екінші орында мұнайдан
            өндірілетін пластмасса тұр. Дүниежүзінде жылына шамамен
            180 млн т пластмасса өндіріледі. Сонымен қатар басқа да
            жанғыш заттар: керосин, соляр, сұйылтылған газ алынады.
            Мұнай қалдығының өзі өндірісте битум, мазут, гуд рон, па-
            рафин алу үшін пайдаланылады.
                Мұнай химиясы ХХ ғасырда өте қарқынды дамыды. Фар-
            мацевтикада мұнайдан аспирин өндірілсе, синтетикалық
            каучукты алу гевея ағаштарын сақтап қалуға мүмкіндік берді.



             118
   113   114   115   116   117   118   119   120   121   122   123