Page 143 -
P. 143

textbooks nis edu kz
          6.2 Саяси картаның басты нысандары



          ?   Саяси картада қандай нысандар белгіленеді?
                                                                               Сен:
             Дүниежүзінің қазіргі саяси картасында 230-ден аса елдер
                                                                               ✔	 саяси картаның басты
          мен аумақтар бар екені белгілі. Оның ішінде мемлекеттік                 нысандарын атап,
          мәртебесі жарияланған және жарияланбаған мемлекеттер                    түсіндіре алатын боласың.
          бар. Саяси картаның басты нысандары тәуелсіз мемлекеттер
          болып табылады. Олардың мемлекеттік мәртебесі жарияланып, халықаралық
          деңгейде танылған. Сонымен қатар дербес басқару мәртебесіне ие болмаған
          тәуелді аумақтар бар. Картадағы нысандар бір-бірінен жер аумағы, әлеумет-
          тік- экономикалық даму деңгейі, халық саны жағынан айыр машылық жасайды.
                                     Саяси картаның нысандары

                                                     Мемлекеттер
          Өзін-өзі басқаратын                        Өзін-өзі жариялаған
          (тәуелсіз елдер – 195)                     (мәртебесі қабылданбаған)
                                                       Аумақтар
            Мәртебесі анықталмаған            Халықаралық                       Тәуелді аумақтар

          Жалға алынған               Ашық теңіз                   Отарлар
          Жаулап алынған              Антарктида                   Доминиондар
          Бейтарап аумақтар           Ғарыш кеңістігі              Протектораттар
                                      Бұғаздар                     Мандатты аумақтар
                                                                   Шалғай департаменттер
             Тәуелсіз мемлекеттер – дүниежүзінің саяси картасының басты нысаны
             Тәуелсіз мемлекеттер мемлекеттік құрылымы, басқару формасы және
            қауіпсіздік жүйесі бар, ішкі және сыртқы егемендікке ие, мемлекеттік нышан-
          дары бар, белгілі бір аумақты алып жатады. Мемлекеттің белгілері: орталық
          және жергілікті билік органдары жүйесі, шегарасы анық белгіленген, заңдар
          және басқа нормативтік-құқықтық актілері және ел тұрғындары әкімшілік-
          аумақтық бірлестіктерге бөлінетін аумақ.
             Қазақстан – Еуразия құрлығының ор-
          талық бөлігінде орналасқан саяси карта-
          ның басты нысандарының бірі (1-сурет).
          Қазақстан  Ресей  Федерациясы,  Түрік-
          менстан, Өзбекстан, Қырғызстан және

          Қытаймен  шектеседі.  Каспий  теңізіне
          шыға алады.
                                                     2
             Республика аумағы 2 миллион 725 км
          жерді алып жатыр. Жер аумағы бойынша
          дүниежүзінде тоғызыншы орын алады.
          Тарихи қалыптасқан аумағы бар және
          өзінің ішкі өмірі мен сыртқы саясаттағы
          мәселелерді өзі шешу құқығына ие.                                    1-сурет


                                                                                                        143
   138   139   140   141   142   143   144   145   146   147   148