Page 138 -
P. 138
textbooks nis edu kz
2. Елімізде көгөніс, бау-бақша, азық өнімдеріне деген сұраныс қан-
дай? Неліктен?
3. Сен тұратын өңірде өсімдік шаруашылығының қандай салалары
жақсы дамыған?
4. Балық шаруашылығының дамуы қандай факторларға тәуелді? Сен
тұратын аймақта балық шаруашылығы бар ма? Неліктен?
5. Мал шаруашылығының қандай түрлері сен тұратын өңірде көп
өсіріледі? Шаруа қожалықтары бар ма? Олар қандай өнімдер шы-
ғарады?
6. 1–4-суреттегі шаруашылық салаларын дамыту үшін маңызды фак-
1-диаграмма. Қазақстанда
торлардың тізімін жаса.
жеңіл автомобиль шығару
7. Ауыл шаруашылығы нашар дамыған аймақтар мен елдерде қандай
мәселелер туындауы мүмкін?
8. Еліміздегі ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған бағдарла-
маларды анықтап, маңызын бағала.
Өнеркәсіп құрылымы
Өнеркәсіп – қаржыны, ғылымды, еңбекті, шикізатты,
энергия және суды әртүрлі деңгейде қажет ететін күрделі
салалар жиынтығы. Өнеркәсіп салаларына көлік қатынаста-
ры, дүниежүзінде мәшине жасау, отын-энергетика кешені,
металлургия, химия кешендерінің салалары жатады. Корея
Өнеркәсіп саласының ең маңызды бөлігі мәшине жасау
кешені болып табылады. Мәшине жасау кешені – басқа да 2-диаграмма. Дүниежүзі
салааралық кешендермен тығыз өндірістік байланысты 300- бойынша автомобиль
ден астам өндіріс түрін біріктіретін, ғылымды ең көп қажет шығаратын елдер үлесі
ететін, шығаратын өнімдері жоғары бағаланатын сала. Мә-
шине жасау үшін көп мөлшерде химиялық тауарлар, пласт- Мен зерттеушімін!
масса, синтетикалық талшық, бояу жұмсалады, себебі сала Жоспар бойынша мәшине
көптеген өнімдерді, тұрмыстық техника, электрондық тех- жасау кешенін сипатта.
ника, станоктар шығарады. 1. Өндіріс орнының атауы.
Еліміз мәшине жасау саласында Оңтүстік Корея, Ресей, 2. Орналасқан аймағы.
Қытай елдерімен серіктестік жасап, кәсіпорындарға бірігіп, 3. Шикізат көзі.
дамуда. Қазіргі уақытта Өскемен қаласында «Азия Авто» 4. Негізгі шығаратын өнімі.
автомобиль құрастыру зауыты «Шевроле», «Нива», «Шкода» 5. Ел экономикасына әкеле-
жеңіл автокөліктерін шығаруда. тін пайдасы.
Жеке елдердегі жеңіл автомобиль өндірісінің көрсеткіші
Дамыған елдерде мәшине жасау, ғарыш өнеркәсібі, мик роэлектроника, робототехника,
станоктар және автомобиль шығару шешуші рөл атқарады. Бұл мемлекеттер мәшинелер
мен жабдықтардың әлемдік экспортының 80%-ын қамтиды. Мысалы, Дженерал Моторс –
АҚШ-тағы автомобиль өндіруші ең ірі корпорациялардың бірі.
? 1. Елімізде өнеркәсіптің қай түрі жақсы дамыған? Себебін түсіндір.
2. Жеңіл автомобиль өндірісінің көрсеткіші бойынша 2-диаграммадағы мемлекеттер неліктен жетекші
орында тұр?
138

