Page 146 -
P. 146

textbooks nis edu kz
             ?   1. Қазақстан мен Ұлыбританиядағы елді басқару формасын анықта.
                2. Республикалық және монархиялық басқару жүйелерінің ерекшеліктерін сипатта.
                3. 145-беттегі «Басқару формасы монархиялық елдер картасын» мұқият зерделе.  Монар-
                хиялы елдер көп және мүлде кездес пейтін құрлықты анықта.
                3.1. Абсолютті монархиялар неліктен Азияда орналасқан?
                3.2. Мұны қандай тарихи факторлармен түсіндіруге болады?
                Мемлекеттік құрылыстың негізгі формалары
                Кез келген мемлекеттің негізгі элементі – бұл әкімшіліктік-аумақтық құры-
            лымы. Ол саяси құрылыс және мемлекеттік басқару түрінің сипатымен байла-
            ныс ты. Ел халқының ұлттық-этникалық құрамын көрсетеді және ел аумағының
            тарихи-географиялық ерекшеліктерін сипаттайды. Осылай әкімшілік-аумақтық
            құрылымына қарай елдер унитарлы және федерациялы болып бөлінеді.
                Унитарлы мемлекеттерде елдегі әкімшілік-аумақтық бірліктер тікелей орта-
            лық үкіметке бағынады, ортақ заң жүзеге асырылады, саяси дербестігі болмай-
            ды. Бүкіл елде тең жүретін біртұтас конституцияның заңды күші ел аумағына
            таралады. Унитарлы мемлекеттерге Италия, Франция сияқты республикалар
            мен Жапония, Ұлыбритания сияқты констит уциялық монархиялар жатады.
                Федерациялы мемлекет
                Федерациялы мемлекет құрамына кіретін федерация мүшелерінің белгілі
            бір саяси, экономикалық дербестігі болады. Бірыңғай заңдарымен, басқару
            органдарымен, ортақ әскермен қатар федерация мүшелерінде мемлекеттік
            биліктің барлық белгілері (ту, әнұран, конституция, парламент, атқарушы билік
            жүйесі) болады.
                Федерациялардың әкімшілік құрылымдары республикалар, провинциялар,
            штаттар және т.б. түрінде болуы мүмкін. Федерациялы мемлекеттердің ұлттық-
            этностық ерекшеліктерге байланысты бөлінуіне Ресей, Нигерия, Үндістан елдері
            мысал болады. Ал мемлекеттің қалыптасу барысындағы тарихи-географиялық
            факторларға байланысты АҚШ, Канада, Бразилия елдері жатады.
                Конфедерация – мемлекетті басқаруда белгілі бір мақсатқа жету жолын-
            да жекелеген елдердің егемендігін сақтай отырып, бір тудың астына бірігуі.
            Дүниежүзіндегі ең ірі конфедерацияның мысалы ретінде Ұлыбритания Бірік-
            кен Корольдігі Ұлттар Достастығын алуға болады. Бұл саяси-экономикалық
            бірлестікке 49 тәуелсіз мемлекет және Ұлыбританияға, Аустралия мен Жаңа
            Зеландияға тәуелді аумақтар кіреді.


              Мен зертеушімін!
                 Тарихтан және қосымша ақпарат көздері арқылы меңгерген біліміңді пайдалана отырып, Қазақстан-

                 дағы басқару формасы мен әкімшілік-аумақтық құрылысының өзгеруін зертте.
                 •  1900, 1950, 2000 жылдардағы басқару формасын ата.
                 •  Сол жылдардағы әкімшілік-аумақтық құрылымның ерекшелігін сипатта.
                 •  Өзгеруге апарған себептерді талда.
                 •  Басқару формасының өзгеруінің мемлекет үшін әсеріне баға бер.

              Сенің кезегің
              1.  Дүниежүзі саяси картасын пайдаланып, федерациялық елдерді топтастыр.
              2.  Конфедерациялық мемлекетті басқарудың ерекшелігі қандай?



             146
   141   142   143   144   145   146   147   148   149   150   151