Page 147 -
P. 147

textbooks nis edu kz
          6.4 Саяси картаның өзгеру түрлері



             Саяси карта ғасырлар бойы ұдайы өзгеріске ұшырап оты-
          рады. Оған соғыстардың болуы, мемлекетаралық келісім-                Сен:
          шарттар, бір мемлекеттердің ыдырап, екінші мемлекеттердің            ✔	 саяси картаның сандық
          құрылуы, мемлекеттік құрылыс және басқару түрінің ауысуы,               және сапалық өзгерістерін
                                                                                  талдайтын боласың.
          мемлекеттердің және олардың астаналарының атау ының
          өзгеруі, астанасының ауысуы және т.б. факторлар әсер ете-
          ді. Дүниежүзінің қазіргі заманғы саяси картасының қалыптасуына қатысты
          оқиғаларды шартты түрде жаңа (XVII ғасырдан Бірінші дүниежүзілік соғысқа
          дейін) және ең жаңа кезең (Бірінші дүниежүзілік соғыстан бүгінгі күнге дейін)
          деп қарастыруға болады. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін дүниежүзі саяси
          картасында елеулі өзерістер болды. Әсіресе бұл өзгерістер Еуропада жүрді.
             Дүниежүзінің саяси картасындағы әртүрлі өзгерістер сапалық немесе сан-
          дық болып бөлінеді.

                                       1-кесте. Дүниежүзі саяси картасының қалыптасу кезеңдері


          Аймақтар               Уақыт                             Картадағы өзгерістер

          Ежелгі                 Б.з. V ғасырына дейін             Картадағы алғашқы мемлекеттер.
                                                                   Ежелгі Мысыр, Грекия, Рим және Карфаген

          Орта                   V–XVI ғасыр                       Ішкі нарықтың қалыптасуы, жаулап алуға
                                                                   талпыну: Киев Русі, Византия, Осман
                                                                   империясы, Испания және т.б.


          Жаңа                   XVII–XIX ғасыр                    Отар елдердің пайда болуы, сауданың
                                                                   дамуы. ХІХ ғасыр соңында Африка жерінің
                                                                   90%-ы, Азияның 56%-ы және Американың
                                                                   27% жері отар болды.


          Қазіргі                1918 жылдан қазірге дейін         – Бірінші дүниежүзілік соғыс;
                                                                   – Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі
                                                                   елдердің жаппай тәуелсіздік алуы;
                                                                   – КСРО мен Югославияның ыдырауы.



          ?   1. 1-кестедегі кезеңдердің қайсысында дүниежүзі саяси картасында өзгерістер басым
             болған?
             2. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі саяси картадағы өзгерістерді анықтап, саяси кар-
             тада пайда болған елдерді карта-сызба түрінде дайында.
             2. Саяси картаның сапалық өзгеруіне қандай факторлар әсер етеді?
             3. Саяси картадағы сандық өзгерістерге қандай факторлардың ықпалы жоғары болады?
             Неліктен?
             4. Дүниежүзі саяси картасында тәуелсіз елдердің көбеюі қай уақыттарға сәйкес келеді?
             5. Дүниежүзі саяси картасынан жаңа кезеңдегі өзгерістерге мысалдар келтіріп, картадан
             елдерді анықта.



                                                                                                        147
   142   143   144   145   146   147   148   149   150   151   152