Page 145 -
P. 145

textbooks nis edu kz
          6.3 Елдерді басқару формасын жіктеу




             Дүниежүзінде халықаралық деңгейде танылған тәуелсіз
          мемлекеттер бар. Сол мемлекеттерді басқару формасы бо-               Сен:
          йынша монархиялар мен республикаларға бөледі.                        ✔	 елдерді басқару
             Дүниежүзінде елдердің көбісі мемлекетті басқару фор-                 формасы және
                                                                                  мемлекеттік құрылымы
          масы бойынша республика болып табылады (жоғары мем-                     бойынша топтастыруды
          лекеттік билік парламентке, ал атқарушы билік үкіметке                  үйренетін боласың.
          тиесілі). Президенттік (президент көпөкілеттікке ие) және
          парламенттік (президент рөлі төмендеу) республика болып
          бөлінеді. Президенттік республикада президент мемлекет басшысы әрі үкі-
          мет басшысы қызметін атқарады. АҚШ, Аргентина сияқты елдер президенттік
          республикалар болып табылады. Ал парламенттік республикада президент
          тағайындаған премьер-министр атқарушы билік қызметін атқарады. Мысалы,
          Германия Федерациялы Республикасы.
             Монархиялық басқаруда жоғары өкімет билігі бір ғана адамның (импера-
          тор, король, герцог, князь және т.б.) қолында болады. Билік ету құқығы атадан
          балаға мұра болып беріледі. Монархияның абсолюттік, конституциялық және
          теократтық түрлері бар. Абсолюттік монархияда монархтың билігіне шек қо-
          йылмайды. Оған БАӘ, Бахрейн, Катар елдерін жатқызуға болады. Ал конститу-
          циялық монархияда монархтың билігі конституциямен шектеледі. Бұл басқару
          жүйесіндегі елдер Еуропада көп таралған. Олар: Бельгия, Дания, Норвегия және
          т.б. елдер. Теократтық монархияда мемлекет басшысы діни жетекші қызметін
          қоса атқарады. Осындай елдерге Бруней, Сауд Арабиясы және Ватикан жатады.




                                11. Гренландия
                                  (Дания)
                                         27. Швеция
                                         23. Норвегия
                  36. Канада
                                  34. Ұлыбритания
                                                         15. Кувейт
                                   9. Бельгия              8. Бахрейн
                                   7. Андорра
                                                           2. Катар
                   31. Багам аралдары  13. Испания  21. Монако  3. БАӘ        28. Жапония
                                 20. Марокко  12. Иордания  4. Оман
                              40. Сент Китс және Невис
                   33. Белиз
                                30. Антигуа және Барбуда 5. Сауд Арабиясы  19. Малайзия  1. Бруней  38. Папуа-Жаңа Гвинея
                                                             25. Таиланд
                               41. Сент Люсия                           29. Аустралия  37. Жаңа Зеландия
                   44. Ямайка
                               32. Барбадос
                                                                                  42. Соломон аралдары
                               39. Сент-Винсент және Гренадина
                               35. Гренада
                                                                                    43. Тувалу
                                                                                   26. Тонга


                               Басқару формасы монархиялық елдер картасы



                                                                                                        145
   140   141   142   143   144   145   146   147   148   149   150