Page 139 -
P. 139
textbooks nis edu kz
Біз қайда келдік?
5 Әлеуметтік география
5.3 Дүниежүзілік шаруашылықтың салалық Бұл тарауда:
және аумақтық құрылымы ✔ шаруашылық салаларын
(өндіруші және өңдеуші,
қызмет саласы) жіктеуді;
✔ ауыл шаруашылығы
және өнеркәсіп
өндірісін ұйымдастыру
түрлерін (қазақстандық
компонентті қосымша
қамту негізінде)
сипаттауды;
✔ ауыл шаруашылығы
1-сурет 2-сурет және өнеркәсіп
өндірісін орналастыру
факторларын талдауды;
✔ ауыл шаруашылығы және
өнеркәсіп салаларын
жоспар бойынша
сипаттауды үйрендің.
3-сурет 4-сурет
5-сурет 6-сурет 7-сурет
1. 1–7-суреттегі шаруашылық салаларын жікте. Суреттердегі іс-әрекеттердің маңызын сипаттап, әңгіме құрастыр.
Өндіруші өнеркәсіп Өңдеуші өнеркәсіп Қызмет көрсету
2. Тізімдегі ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп өндірісін ұйымдастыру түрлерінің шығаратын өнімдерін
топтастыр. Зауыт, Фабрика, Ферма.
✔ ауыл шаруашылығы өнімдері;
✔ тоқыма және тігін өнеркәсібі;
✔ былғары өндірісі, аяқкиім өндірісі;
139

