Page 150 -
P. 150
textbooks nis edu kz
Елді жақсартуға бағытталған стратегиялар
Қазақстан – әлемдік өркениеттер, діндер және геосаяси
мүдделер тоғысқан Еуразия кіндігінде орналасқан ел. Де-
мек, әлемдік мүдделер күресі біздің елді айналып өтпейді.
Басқарушы биліктің мемлекетті басқару өнері мен қабілеті
осы ғаламшарлық мүдделер тоғысқан тұста Қазақстанның
мемлекеттік егемендігін сақтау, нығайту, басқа мемлекет-
тер біздің елмен санасатындай қарым-қатынастар жүйесін
қалыптастыру үшін жұмыс жасауда. Үкімет елдегі саяси тұ-
рақтылық пен экономиканың дамуына бағытталған біраз
стратегиялар жасады. 1-сурет
Географиялық тиімді орналасуы, ресурстарға бай болуы
Еліміздің минералды ресурстарға бай болуы – үлкен ар-
тықшылық. Дүниежүзі бойынша барланған пайдалы қазба-
лардың қоры бойынша алдыңғы орында.
? 1. Елдің саяси-географиялық жағдайына баға бергенде қандай фак-
торларды ескеру керек?
2. 1-2-суретке қарап, елді дамытуға бағытталған стратегиялар бо-
йынша эссе жаз. 2-сурет
(Эссені жазу құрылымы: тақырыпқа сәйкес білім, теория, деректер,
идеялар, ақпараттар, дәлелдер. Қолданылған дәлелдердің тақырыпқа
сәйкестiгі.)
Мен зерттеушімін!
1-2-суретті байланыстыратын Қазақстанда елдің саяси тұрақтылығына, экономикасын дамытуға ба-
ғытталған стратегияларды зерттеп, таныстырылым жаса.
А. Стратегиялардың маңызы.
Ә. Әлем елдері арасындағы қолдауы.
Сенің кезегің
Екі елді таңдап, саяси-географиялық жағдайына жоспар бойынша баға бер.
1. Саяси картадағы елдің орны:
а) көршілес елдердің экономикалық даму деңгейі;
2. Көлік жолдары, шикізат және өнім нарықтарына қатынасы:
ә) көршілес елдердің саяси ұйымдарға мүшелігі;
б) мемлекеттік шегараны стратегиялық бағалау.
ә) көршілес елдермен сауда қатынастары;
а) теңіз және өзен көлігін пайдалану мүмкіншілігі;
б) елдің шикізатпен қамтамасыз етілуі;
в) тас жолдар, темір жол, телекоммуникация мүмкіндіктері.
150

