Page 149 -
P. 149
textbooks nis edu kz
6.5 Елдердің саяси-географиялық
жағдайының ерекшелігі
Саяси географияға «елдің саяси-географиялық жағда-
йы» дейтін ұғымның тікелей қатысы бар. Сондықтан елдің Сен:
саяси-географиялық жағдайына баға бергенде белгілі бір ✔ елдердің
мемлекеттің дүниежүзі саяси картасындағы орны, басқа саяси-географиялық
жағдайына баға беруді
мемлекеттермен, халықаралық одақтармен байланысын,
білетін боласың.
экономикалық және әскери-стратегиялық мүдделерін, олар-
ды ауқымдылығы, сенімділігі, даму белсенділігі тұрғысынан
салыстырып, қарастырамыз. Төменде елдің саяси-геогра-
фиялық жағдайын бағалау түрлері мен оларға қосымша мысалдар берілген.
Дүниежүзілік мұхитқа қатысты орналасуы
Орталық Азияда орналасқан Ауғанстан мен Қазақстан мемлекеттерінің
саяси-географиялық жағдайын қарастырайық. Екі ел де Дүниежүзілік мұхитқа
шығар жолы жоқ, құрлықішілік мемлекет. Олардың экономикалық ауыртпалық
көруінің бір себебі – транзиттік жүктерді төлеуге тым көп қаражат жұмсауы.
Тауарларды ары-бері тасу қымбат қызмет, сондықтан бір көлікпен тауарларды
көптеп тасу елдер үшін арзанға түседі. Қазақстан транзиттік жол торабын дұ-
рыс пайдалануда. Әлемдік нарыққа шығатын жаңа көлік «дәліздерін» жасауға
қатысуда. Олар барлық бағыттарға Ресей, Қытай, Орталық, Оңтүстік-Батыс
(Иран, Түркия) және Оңтүстік Азия арқылы жүреді.
? 1. Қазақстан мен Ауғанстанның географиялық орнын картадан анықтап, сипатта.
2. Екі елдің қандай ұқсастықтары мен ерекшеліктері бар?
3. Бұл елдердің мұхитқа тікелей шыға алмауы қандай мәселелер тудырады?
Көршілес елдердің экономикалық даму деңгейі
Егер мемлекетпен шектесетін елдер экономикалық тұрғыда жақсы немесе
нашар дамыған болса, ол елдің экономикалық даму деңгейіне әсер етуі мүм-
кін. Мысалы, Ауғанстан мемлекетінің көршілес ел-
деріндегі экономикалық, саяси жағдайлар жақсы РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ
Орталық Сібір
жотасы
емес. Олардың аумағында соғыстар мен шиеленіс- Байқал көлі
Шығыс Саян
ҚАЗАҚСТАН
тер болып, саяси қарым-қатынастар нашарлауда. Алтай таулары МОҢҒОЛИЯ
Ал Қазақстанның көршілес елдері, әсіресе Ресей ТӘЖІКСТАН ГОБИ ШӨЛІ
ҚЫРҒЫЗСТАН
мен Қытайдың экономикалық даму деңгейі жоғары ИРАН АУҒАНСТАН ҚЫТАЙ
және саяси тұрақтылығы басым, ол елдің дамуына ПӘКСТАН
оң ықпал етеді. Сонымен қатар көршілес елдермен ҮНДІСТАН БАНГЛАДЕШ ГОНКОНГ ТАЙВАНЬ
ВЬЕТНАМ
шегарадағы даулы мәселелерді шешу мақсатында Арабия теңізі шығанағы ТАИЛАНД Оңтүстік
Бенгал
Қытай
КАМБОДЖА теңізі ФИЛИППИН
«Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы» құрамында ын- МАЛЬДИВ ШРИ-ЛАНКА БРУНЕЙ
тымақтастықты кеңейтіп, қауіпсіздікті нығайтуда. ҮНДІ МҰХИТЫ МАЛАЙЗИЯ
СИНГАПУР
(Бұл ұйымның қызметімен келесі сабақта толығы- СЕЙШЕЛЬ
ИНДОНЕЗИЯ
рақ танысатын боласың.)
149

