Page 151 -
P. 151

textbooks nis edu kz
         6.6 Саяси интеграция



             Халықаралық ұйымдардың қажеттілігі қандай?
             Интеграциялық топтар ХХ ғасырдың екінші жартысында                Сен:
         әлемнің түкпір-түкпірінде пайда бола бастады. Себебі әр мем-          ✔	 саяси интеграцияның
         лекеттің жеке, дербес дамуы қиын. Ешқандай елмен қарым-                  қажеттілігі мен
                                                                                  мақсаттарын;
         қатынас жасамай мемлекеттің тек өзінің дамуы елдегі сауда-            ✔	 Қазақстанның саяси
         саттық, сыртқы байланыстарды нашарлатады. Басқа елдермен                 интеграциядағы мүдделері
         бірігіп, өзара ынтымақтастықта және дүниежүзі экономикалық               мен мақсаттарын
         қатынастарында болған елдер қарқынды дамуда. Қазіргі таңда               талдайтын боласың.
         дүниежүзі елдері өзара интеграциялық жүйе үдерісінде да-
         муда және әлемде 30-ға жуық интеграциялық бірлестік бар.              Интеграция (латын тілінде
         Әлемнің көптеген аймақтарында сауда, экономикалық, валю-              «іntepgratіo» – қайта құру, то-
         талық, кедендік және саяси бірігулер болып жатыр. XXІ ғасырда         лықтыру) – өзара тәуелділік,
         интеграциялық одақтар белсенді жұмыс жасауда және олар                бір бүтінге жүйелі түрде бірігу
         елдерге әлемдік әрі аймақтық мәселелерді шешуге көмекте-              және осыған қарасты байла-
         суде. Сол сияқты Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алған           ныстардың болуы, жақындасу;
                                                                               ұйымдастырудың,  салалар-
         соң, бірнеше халықаралық одақтың мүшесі болып, өте тығыз              дың, аймақтардың, елдердің
         саяси, экономикалық қарым-қатынаста жұмыстар жүргізуде.               бірігуі.
                                                                               Саяси  интеграция  –  түрлі
          ?   1. Неліктен ХХ ғасырдың екінші жартысында интеграциялық одақтар   мемлекеттер мен басқа саяси
             құрыла бастады?                                                   күштердің бірігуіне, олардың
             2. XXІ ғасырда интеграциялық одақтардың көбеюіне қандай мәсе-     әрекеттерін үйлестіруге және
             лелер әсер етуде?                                                 жақындауына әкелетін саяси
                                                                               үдеріс.
             Еуропалық Одақ – 40 жылдан астам тарихы бар, қазіргі              Экономикалық  интеграция
         таңдағы ең дамыған интеграциялық одақ (1-сурет). Ең бірін-            –  мемлекеттердің  ұлттық
         ші артықшылығы, жетістігі, ол Екінші дүниежүзілік соғыстан            шаруашылықтары  арасын-
         кейінгі күйреген Еуропа экономикасын қалпына келтіріп                 дағы ынтымақтастық.
         қана қоймай, әлемде көптеген елдердің  дамуына әсер етті.
             Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы. Ұйымның негізгі мақ-
         саттары елдер арасындағы өзара сенім, достық пен тату
         көршілікті нығайту болды (2-сурет). Сонымен қатар саяси,
         сау да-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдениет, білім
         беру, энергетикалық, көлік, экологиялық және басқа сала-
         лардағы ынтымақтастықты қолдау.
             Кеңестер Одағының ыдырауы жаңа интеграцияға бас тама

         болды. 1991 жылы ТМД аймақтық интеграциялық ода-
         ғы құрылды. 70 жылдай КСРО құрамында болған елдердің
         тәуелсіздігін алған соң да достастығы мен саяси, экономи-
         калық реформаларды жемісті жүргізуге бастама болды.
             АСЕАН – Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің интеграциялық
         одағы (3-сурет). Бұл аймақ 1960–1980 жылдары «ұрыс дала-
         сы» болған (Вьетнам соғысы, Камбоджа шиеленісі және т.б.
         қарулы қақтығыстар) елдер арасындағы жанжалдар, негізі-                          1-сурет



                                                                                                        151
   146   147   148   149   150   151   152   153   154   155   156