Page 20 -
P. 20

textbooks nis edu kz
            2.3 Географиялық нысандардың атауын

            картадан көрсету мәдениеті



             ?  Географиялық номенклатура дегеніміз не?
                                                                                  Сен:
                Номенклатура – белгілі бір салада, пәнде қолданылатын             географиялық  номенклатура
            нысандар тізімі. Географиялық номенклатура Еуропа, Азия, Аф-          нысандарын  кескін  картадан
            рика, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Аустралия және             көрсетуді үйренетін боласың.
            Мұхиттық Аралдар, Антарктида дүние бөліктеріне қатысты құ-
            растырылады. Сонымен бірге Дүниежүзілік мұхит бөліктері де
            кіреді. Дүние бөліктері мен Дүниежүзілік мұхит бөліктерінің
            номенклатурасына мыналар жатады: ойпат, жазық, қырат, тау
            шыңдары, жанартаулар, өзен, көл, канал, сарқырама, мүйіс,
            шығанақ, теңіз, түбек, арал, бұғаз, ағыстар, қазаншұңқырлар,
            суасты жоталары және т.б. Сонымен қатар мемлекеттер мен
            олардың астаналары да географиялық номенклатураға жатады.
                Географиялық номенклатура нысандарын картадан дұ-
            рыс көрсету керек.
                Әдетте мұғалім немесе оқушы картадағы географиялық
            нысанды көрсетер кезде ыңғайына қарай картаның оң немесе
            сол жағына тұрады. Қолына міндетті түрде көрсеткіш таяқша              1-сурет. Оқушының картаны
            ұстайды. Себебі картаны қолмен немесе саусақпен көрсету              көрсеткіш таяқшамен көрсетуі
            мәдениеттілікке жатпайды. Сонымен қатар картаны көрсету
            кезінде әртүрлі әдістер қолданылады.

                                                                                             Өзендерді сызықтық
                                                                                             әдіс арқылы бастауынан
                                                                                             құяр сағасына қарай
                                                                                             сызып көрсетеді.












                                                                                             Елді мекендерді
                                                                                             нүктелік әдіспен сол
                                                                                             таяқшамен басу
                                                                                             нүктені көрсеткіш
                                                                                             арқылы көрсетеді.



                                                                                             Қазақстанның толық
                                                                                             шегарасы ареалдық
                                                                                             әдіспен көрсетіледі.


                                                 2-сурет



              20
   15   16   17   18   19   20   21   22   23   24   25