Page 16 -
P. 16
textbooks nis edu kz
Географиялық картада көрсетілген нысандарды түсіндіріп, толықтыратын диаграмма-
лар, кестелер мен мәліметтер, суреттер болады. Мұны картаның қосымша элементтері деп
атайды. Картаның жасалған кезін, пайдаланылған материалдарды т.б. көрсететін деректер
де бар.
Тақырыптық карталар мен оның қосымша элементтері дегеніміз не?
Тақырыпты
ашатын
суреттер де
картаның
қосымша
элементі
болып
табылады.
Картаның шартты белгілері.
1-сурет. Еуразияның физикалық картасы
Әртүрлі ақпарат беретін кестелер де картаның
қосымша элементі болып табылады.
Еуразияның ең биік тауларының биіктігі көрсетілген кесте
№ Тау шыңы Тау жүйесі Биіктігі
1. Джомолунгма (Эверест) Гималай 8848 м
2. Коммунизм шыңы Памир 7495 м
3. Жеңіс шыңы Тянь-Шань 7439 м
Тақырыптық картадағы қосымша элементтерді жіктеу.
Гипсометриялық қима – кез келген материктің мери-
диан немесе параллельдер бойынша биіктік және тереңдік
шкаласын қолдана отырып сызылған кескіні. Суретте Оң-
түстік Американың гипсометриялық қимасын сызу үлгісі
көрсетілген.
16

